ТТГ рецепторларының антиденелері
ТТГ - қалқанша безінен бөлінетін Т3, Т4 гормондар мөлшерін реттейтін, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны («ТТГ» қараңыз) Рецепторлар – «құлып пен кілт» тәрізді биологиялық белсенді заттармен (гормондар) өзара әрекеттесу үшін қажет жасушалық қабырғаның аймақтары.
Антиденелер – ағзадағы кез келген бөгде молекулаларды жоятын иммундық жүйенің компоненттері. Меншікті мүшелерге антиденелер пайда бола бастаған кезде иммунитеттің бұзылу себептері әлі күнге дейін белгісіз.
Егер ТТГ рецепторы зақымданған болса, онда бұл гормон қалқанша безімен өзара әркеттесе алмайды және оның жұмысын бақылай алмайды, сөйтіп көп мөлшерде немесе жеткіліксіз мөлшерде Т3, Т4 өндіре бастайды («Т3», «Т4» қараңыз). Гипер-, гипотиреоздың клиникалық көрінісі пайда болады.
Талдау Грейвс ауруы кезінде клиникалық маңызы бар (75-96% жағдайда антидене анықталады) және диагностикалау және емнің диімділігін бақылау үшін де маңызды.
ТТГ рецепторына антидене жүкті әйелдерде ерекше қауіп төндіреді, өйткені олар плацента арқылы ұрық ағзасына өтіп, баланың қалқанша безін зақымдайды.