Кері қайту

Фосфолипаза-А2- рецепторларына антиденелер IgG

Мембраналық нефропатиялардың маркері оның болжамын құрастыру және емін бақылау үшін қажет. Фосфолипаза А2 (Anti-PLA2R) рецепторына антиденелер – бұл подоциттер мембранасының (PLA2R) гилкопротеиндерінің біреуіне қарсы бағытталған аутоантиденелер.  

Олар идиопатиялық мембранозды гломерулонефритке (мембраналық нефропатиялар) тән клинико-зертханалық белгілер болып табылады, дей тұрғанмен қазіргі уақытта бұл аурудың патогенезінде Anti-PLA2R ролі соңына дейін белгісіз болып отыр. Көбінесе олар IgG 4 иммуноглобулиндеріне тиесілі. Мембраналық гломерулонефрит – ересектерде нефротикалық синдромның жетекші себебі болып тұр. 30 % жағдайда ол қандай да бір жүйелік аурулардың (жүйелі қызыл ноқта, В гепатиті, қатерлі жаңа түзілістер) немесе дәрілік реакциялар (стероидты емес қабынуға қарсы) аясында дамиды және екіншілік болып табылады. Көп жағдайларда немен шақырылғаны беймәлім және аурудың мынандай түрі біріншілік (идиопатиялық) мембраналық гломерулонефрит (ИМГ) деп аталады. 

Осылайша, нефротикалық синдром, атап айтқанда мембраналық гломерулонефриті бар науқасты тексеру - бұл зертханалыө және аспаптық зерттеулер кешені, ал идиопатиялық мембраналық гломерулонефрит – «ерекшелік диагнозы». Всоңғы уақыттарда нефротикалық синдром мен ИМГ диагностикалық алгоритміне Anti-PLA2R зерттеу енгізіліп жатыр. Фосфолипаза А2 рецепторына антиденелер ИМГ бар 52-82% науқастарда анықталады, бұл олардың осы ауруға тән белгілері ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте олар екіншілік мембраналық гломерулонефриті бар науқастарда анықталмайды, сондықтан ИМГ арнайылығы деп саналады. Anti-PLA2R гломерулонефриттің басқа түрлерінде (IgA-нефропатия, бөліктік сегментарлы гломерулосклероз, липоидты нефроз) анықталмайды.

Осы зерттеу негізінде Anti-PLA2R гломерулонефриттер мен нефротикалық синдромның салыстырмалы диагностикасы үшін қолданылуы мүмкін. Anti-PLA2R дені сау адамның қанында анықталмайды. Anti-PLA2R зерттеу аурудың болжамын бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Anti-PLA2R титрі жоғары науқастарда аурудың тосын ремиссиясы осы антиденелердің төмен титрі бар науқастарға (4-уі қарсы 38 %) қарағанда әлдеқайда сирек байқалады. Anti-PLA2R зерттеу емдеуді бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Титр Anti-PLA2R аурудың белсенділігі мен протеинурия дәрежесін көрсетеді. Anti-PLA2R жоғары титрі аурудың жоғары белсенділігі мен көлемді протеинуриясы бар науқастың қанында анықталады.

Және керісінше, Anti-PLA2R концентрациясы емделу аясында төмендейді және аурудың ремиссия кезеңінде анықталмай қалады. ИМГ қайталануы (рецидив) Anti-PLA2R титрінің үдеуімен жүреді. Есіңізде болсын, Anti-PLA2R болуы нефротикалық синдромы бар науқаста бүйрек биопсиясының қажеттілігін және мембраналық гломерулонефриті бар науқаста жүйелік ауруды жоққа шығару үшін кешенді тексеруді алмастырмайды. Тағайындау көрсеткіштері нефротикалық синдромның симптомдары (аяқтарының және периорбиталды аймақтардың ісінуі, салмақ қосу, 3 г артық тәуліктік нәруызды жоғалту, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия);мембраналық гломерулонефриттің иммунды гистохимиялық белгілерінің болуы.