Қандағы бор (B)
Бор – адам өміріне аса қажет микроэлемент. Ол минералдық және энергетикалық алмасуға әсер етеді, ағзадағы барлық тіндер мен жасушалардың құрамында бар. D витамині жетіспеушілігі аясында ағзада бордың жеткіліксіз болуы балалардың өсуін кешеуілдетеді, мешел ауруының (рахит) дамуына септігін тигізеді. Әйелдерде постменопауза кезеңінде бордың тапшылығы минералды алмасудың нашарлауына әкеледі және остеопороз қаупін айтарлықтай жоғарылатады. Бордың ұзақ уақыт бойы тапшы болуы сүйектердің сынғыштығы, буындардың немесе жүктеме кезінде сүйектердің бірқалыпты ауруы, сынықтардың баяу бітуі, жаралардың нашар жазылуы, анемия, тромбоцитопения, несеп-тас ауруына бейімділіктің артуы, жыныс гормондарының дисбалансы, жыныстық функциялардың мезгілінен бұрын сөне бастауы, зейін қоюдың, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, мінез-құлық реакцияларының баяулауы, неврологиялық аурулардың дамуы арқылы көрініс табады.