Кері қайту

Талдағышта қан плазмасындағы сандық D - димерін анықтау

D-димер - тромб түзілудің белсенді үрдісінің маркері. 

Тромб түзілу үрдісі тромбты "орап", оны берік ететін фибрин талшықтарын белсендіруді қамтиды. Тромб тромб түзілгеннен кейін ағза оны еріте бастайды- бұл фибринолиз деп аталады. Фибринолиз нәтижесінен фибриндік талшықтардан оның қалдығы Д-димер үзіледі. Демек қандағы Д-димердің жоғары концентрациясы ағзада көп мөлшерде тромб болған жағдайда айқын фибринолиз үрдісінің жүріп жатқанын білдіреді.

Осылайша, талдаудың негізгі мақсаты кез келген жерде орналасқан (өкпе, аяқтың көк тамырлары және т.б.) тромбозды нақтылау немесе жоққа шығару болып табылады. Талдау тәжірибелік дәрігерлер үшін өте маңызды, өйткені бұл өмірге қауіпті жағдайларды анықтауға және тиісті емдеуді уақытында бастауға мүмкіндік береді.

Қандағы Д-димер деңгейіне келесі факторлар әсер етеді: тромбтың көлемі, тромбқа қарсы дәрілік заттарды (антикоагулянттар) қабылдау.