Кері қайту

Диаминоксидаза, (DAO) белсенділігін анықтау

Диаминоксидаза (әрі-DAO) гистаминді ыдыратады. DAO көптеген жасушаларда кездеседі, әсіресе ішектерде белсенді болады.   

Гистаминді көтере алмаушылықты диагностикалауда диаминоксидазаны анықтау маңызды рөл атқарады. Гистамин биогенді аминдер тобына тиесілі.  

Байланысты заттар: тирамин, фенилэтиламин, путресцин, спермин, кадаверин, серотонин және т.б. болып табылады. Бұл заттар гистамин әсеріне тән ұқсас симптомдарын тудырады. 

DAO тапшылығы гистаминді көтере алмаушылық себептердің бірі болып табылады.  Гистаминді көтере алмаушылық диаминоксидаза белсендігі төмен кезде гистаминді экзогенді тұтыну салдарынан дамиды. 

DAO белсенділігі ішімдікті, түрлі дәрі-дәрмектерді пайдаланғанда, ішектің созылмалы қабыну аурулары мен B6 дәруменнің (DAO коэнзимі) тапшылығы кезінде төмендейді. Аурудың таралуы шамамен 1% құрайды. DAO концентрациясының төмендеуінің әдеттегі симптомдары – диарея, бас ауруы (сондай-ақ сақина), жоғары тыны салу жолдарының вирустық инфекциялары, бронх демікпесі, есекжем, тағамға көп мөлшерде гистаминді енгізуден туындаған дисменорея (етеккір келуінің бұзылуы) болады.

Диаминоксидазаны тежеуші дәрі-дәрмектер: ацетилцистеин, амброксол, аминофиллин, амитриптилин, клавулановая кислота, метамизол, метоклопрамид, пропафенон, верапамил.   

гистаминді көтере алмаушылық аллергиямен қоса симптомдарды бастамалау мүмкін. Бұл жағдайларда сезімталдықты төмендететін (гипосензибилизация) дәрі-дәрмектің тиімділігі аз. Диагнозды анықтау (верификация)  үшін аурудың анамнезімен қоса зертханалық дәлелдеме: сарысудан DAO және B6-дәруменнің (егер қажет болса) деңгейін анықтау  қажет.