Кері қайту

Эритропоэтин (Erythropoetin)

Эритроциттердің өндірілуі ағзаның келсілген екі жүйесінің: эритроциттерді өндіретін сүйек кемігі және эритропоэтин гормонын синтездейтін бүйректің өзара әрекеттесуін талап етеді. Қанда оттегі деңгейінің төмендеуі эритропоэтин синтезін және оынң қанға босап шығуын ынталандырады. Қан тамырлар жүйесі арқылы эритропоэтин сүйек кемігіне түседі, осы жерде эритроидты қатардағы ізашар жасушалардың белсенділігін ынаталандыра отырып, эритроциттердің шығарылуын белсендіреді. Эритропоэтин әсеріне жауап ретінде ізашар жасушалар толық эритроциттерге жетіледі.

Полицитемия кезінде эритропоэтиннің деңгейі

Эритроциттері жоғары емделушілерде эритропоэтин деңгейін бағалау біріншілік және екіншілік полицитемияны ажыратып алуға көмектеседі.

Шынайы немесе біріншілік полицитемия – бұл сүйек кемігінің неопластикалық өзгерістері, бұл кезде эритроциттердің түзілуі жоғары болады. Біріншілік полицитемия жағдайында сарысудағы эритропоэтин деңгейі біршама төмендеген немесе нормадан аз болады.

Екіншілік полицитемия - бұл олардың түзілуін ынталандыру арқылы эритроциттер санының артуымен сипатталады. Екіншілік полицитемия кезінде көп клиникалық жағдайларда эритропоэтин деңгейі қалыпты немесе жоғарлаған.

Анемия кезінде эритропоэтин деңгейі

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің (СБЖ) терминальды сатысын кезінде анемия бүйректе эритропоэитн синтезінің төмендеуі салдарынан дамуы мүмкін. Бұл жағдайда эритроциттердің деңгейін қалыпна келтіру үшін кейде рекомбинантты адам эритропоэтині тағайындалады. Сонымен, сарысуда эритропоэтин деңгейін өлшеу, бұл бүйрек аурулары бар емделушілерден анемияны анықтауға көмектесетіндігі туралы қорытынды жасауға болады.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің жайлы ағымы кезінде эритропоэтин концентрациясын өлшеу анемияның этиологиясын бағалау кезінде пайдалы, бұл ретте бүйрек ауруы ықтимал себеп ретінде жоққа шығарылады.

Қабыну үрдістері (ревматоидты артритті қоса алғанда) сияқты созылмалы аурулары және неопластикалық жаңа түзілулері бар емделушілерде созылмалы анемия ауруы дамуы мүмкін. Бұл жағдайда бұзылу себептері мононуклеарлы фагоциттер жүйесінде темірдің секвестрациясы және эритропоэтинге сүйек кемігінде жеткіліксіз жауабы болып табылады. Созылмалы аурулар кезіндегі анемиияда сарысуда эритропоэитн деңгейі жоғарлайды.

Темір тапшылық анемия кезінде де сарысуда эритропоэтиннің құрамы артады. Эритропоэтиннің жоғары деңгейі сүйек кемігінің қызметін ынталандыруға ағзаның талпысыны бейнелейді, алайда темірдің болмауы эритроциттердің өндірілуін тежейді.