Гепатит В вирусының генотипін анықтау (A, B, C и D)
В вирустық гепатиті (ВВГ) толық геномының нуклетидтік реттіліктің филогенетикалық талдау негізінде латын әріптерімен A нее J дейін белгіленетін 10 генотиптер ажыратылады. Әрбір генотипке белгілі геогрфиялық және этникалық таралу аймағы тән. Аса кең тараған 4 генотиптер бар: A, B, C және D. A генотипі Солтүстік Америкада, Батыс Еуропа және Орталық Африкада басымырақ. B және C генотиптері Қытай және Оңтүстік-шығыс Азия елдері үшін тән. D генотипі Шығыс Еуропа, Жерорта теңізі елдерінде және Үндістанда басым болады. Қалған E, F, G, H, I және J генотиптері сирек кездеседі. E генотипі – Батыс Африкада, F генотипі - Оңтүстік Америка мен Аляскада, ал H генотипі – Орталық Америка тұрғындарының арасында кездеседі. I және J генотиптері Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде кездеседі. G генотипінің таралауы жеткіліксіз зерттелген.
В гепатиті вирусының әртүрлі генотиптерінен туындаған аурулар клиникалық ағымында және нәтижелерінде ерекшеленуі мүмкін. С генотипімен шақырылған В гепатиті жиі созылмалы ағымда болады және басқа генотиптен туындаған аурулармен салыстырғанда бауыр циррозына немесе гепатоцеллюлярлы карциномаға ауысып кету қауіпі жоғары. В гепатит вирусының генотипі созылмалы В гепатитін (СВГ) интерферон дәрісімен емдеу тиімділігіне әсер етеді. А генотипімен жұқтырылған емделушілер басқа генотиптер вирусын жұқтырған емделушілермен салыстырғанда интерферон дәрісімен емдеуге айтарлықтай жақсы әсер көрсетеді. Анықталған генотипке байланысты емдеу тәсілі анықталады.