Кері қайту

Жыныс гормондарын байланыстыратын глобулин (ЖГБГ, Sex hormone-binding globulin) Еркін тестестеронның индексі Тестерон мен ЖГБГ қатарынан тапсырыс берген жағдайда тегін есептеледі.

ГСПГ – ағзада кейіннен оларды тасымалдау үшін жыныстық гормондармен (андрогендер мен эстрогендер) байланыстыратын ерекше нәруыз (гликопротеин).

Қанда тестостерон мен эстрадиол көп жағдайда ГСПГ, альбуминамдермен және транскортинмен байланысқан күйде тасымалданады. Себебі еркін нәруыздар қанда әртүрлі протеолиттік ферменттердің әсерімен өте жылдам ыдырайтындықтан ол қажет. Тек гормондардың 1-2% ғана еркін күйде болады.  Тек осы 1-2% еркін гормондар өзінің биологиялық қызметін атқарады. Гормонның белсенді фракциясы нысана мүшелермен байланысқа түскеннен бастап тасымалдаушы нәруыздар гормондар молекулаларын «босатады да» қайтадан 1-2 белсенді пайыздарды толтырады.  Осылайша ГСПГ жыныстық гормондардың депосы болып табылады.  

Алайда, қандай да бір себептермен ГСПГ концентрациясы жоғарлайтын болса, онда байланысқан «белсенсіз» гормондар саны да артады. 

Қанда жыныстық гормонның (мысалы, тестостеронның) деңгейі анықталса, ол еркін және байланысқан заттардың жалпы санын білдіреді. Егер осы зерттеуді бір уақытта ГСПГ анықтау орындалса, онда біз еркін гормондар индексін алуымыз мүмкін, бұл гормональды дисбаланс жағдайын диагностикалау үшін аса расталған критерий болып табылады. Есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

(ИСТ) = жалпы тестостерон/ГСПГ*100%

ГСПГ келесі гормондармен ұқсастығы бар (кему тәртібімен): ДИГИДРОТЕСТОСТЕРОН-> ТЕСТОСТЕРОН-> АНДРОСТЕНДИОЛ-> ЭСТРОДИОЛ-> ЭСТРОН-> ДГЭА (азғантай мөлшерде, ДГЭА-С – байланыспайды). ГСПГ мөлшері тікелей андрогендерге және эстрогендерге байланысты: Андрогендер ГСПГ өндірілуін төмендетеді, эстрогендер – ынталандырады. Осы себеп бойынша әйелдерде ГСПГ деңгейі іс жүзінде ерлерге қарағанда анағұрлым жоғары болады.

Сондай-ақ оқыңыз: «Ер ададардың климаксы: аңыздар мен шындық»