Кері қайту

Хламидиоз IgG

Талдау жыныстық инфекцияларды серологиялық диагностикалауға жатады. Зерттелетін материал қоздырғышқа антиденелері анықталатын қан болып табылады.

Антидене – бұл нақты бөгде нәруыз-антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда хламидия (Chlamydia trachomatis) антиген болып табылады.

Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM.

Дегенмен антиденелер өте жоғары концентрацияда болса да иммунитет хламидиозбен әрқашан күресе алмайды. Тізімделген антиденелердің әрқайсысына тән өзінің қызметі және пайда болу кезеңдері болады. IgG антиденелері жұқтырылғаннан кейін 15-20 күннен бастап өндіріледі және шамалы мөлшерде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Қайтадан жұқтыру болған соң антидененің титрі қайтадан жоғарлайды.

Жүктілік кезінде IgG концентрациясының жоғарлауы ұрықты инфекциялардан қорғайды. Жасанды түрде жүктілікті тоқтатқан кезде кіші жамбас мүшелерінің қабынулық ауруларын (сальпингит) алдын алады.

Хламидиоз несеп-жыныс мүшелерінің қабынуымен қоса буындардың, тік ішектің, өкпенің тіпті көздің қабынуын туыдырады.

Сондай-ақ хламидиозды диагностикалау үшін ПТР, ИФР әдістері қолданылады

Толығырақ хламидиоз туралы «ХЛАМИДИОЗҒА ТЕКСЕРІЛУДІҢ 8 СЕБЕБІ» мақаланы оқыңыз: