Кері қайту

ISAC-тест

ISAC-сынағы – бұл аллергиялық реакцияларды диагностикалаудың жаңа бағыты: аллергендерді молекулярлық деңгейде анықтау, яғни - бұл компоненттік аллергодиагностика. Бұл әдістеменің негізінде молекулалық деңгейде табиғи жоғары тазартылған және рекомбинантты аллерген молекулаларын, яғни сығындыларды емес, олардың компоненттерін қолдану арқылы аллергендерге сезімталдықты анықтау жатыр. 

1980 жылдардың соңында ДНҚ-технологиясы енгізіле бастады, аллергендерді сипаттап, молекулаларын клондау мүмкін болды, бұл әртүрлі аллергиялық аурулар кезінде антигендік детерминанттарын анықтауға көмектесті. Мұның барлығы диагностикалаудың жаңа түрі – молекулярлық диагностиканың пайда болуына маңызды роль атқарды, бұл өз кезегінде аллергияны аса тиімді емдеуді әзірлеуге ықпал етті. 

Рекомбинантты аллергендерге антиденелерді анықтау молекулярлық аллергология деңгейінде күрделі аллергендер құрамындағы жетекші компонентті анықтауға мүмкіндік береді. Бұл шынайы және айқаспалы аллергияны ажыратуға көмектеседі. Бұл әдістеме 1-ші типтегі аллергиялық реакцияны диагностикалаудың жаңа құралы болып табылады, бұл науқастың сенсибилизациясы, басқа аллергендермен айқаспалы реактивтілігі, аллерген-спецификалық иммундытерапияның (АСИТ) мақсаттылығы мен тиімділігін болжау туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Ультра заманауи биочип технологиясына негізделген **«ISAC- сынағы»** - бұл бір уақытта жүзден астам рекомбинантты аллергендерге иммунологиялық талдауды жасау үшін арнайы IgE антиденелерін кешенді өлшеуге арналған шағын платформа. Бұл бағыт Қазақстанда аллергиямен сырқаттанатын науқастарды тексеру және емдеу көзқарастарын өзгертеді және оларды әлемдік стандарттар талабына сәйкестендіретін болады.

Бұл зерттеуді жүргізудің 3 негізгі артықшылығы бар: 
1. Молекулярлық аллергодиагностика шынайы сенсибилизацияны айқаспалы реактивтілік салдарынан болған сенсибилизациядан ажыратып береді. Бұл деректер аллергияның жалғыз біреуін, бірнеше жақын туыстық немесе көптеген әртүрлі көздерін анықтауға мүмкіндік береді.
2. Молекулярлық аллергодиагностика арандатушы сынақтардың қажеттілігін жоққа шығарады және аллергендермен жанасуды болдырмас үшін нақты ұсыныстар беруге көмектеседі.
3. Молекулярлық аллергодиагностика поливалентті сенсибилизациясы бар адамдарда аса маңызды аллергенді анықтаудың ең дәл тәсілімен АСИТ жүргізетіндерге аллерген-спецификалық иммундытерапияны таңдауға қажет. Молекулярлық аллергодиагностика әдісін қолдану терілік прик-тест нәтижесі бойынша таңдап алынған АСИТ ауыстыруға мәжбүрлейді.

Аллергендер молекулаларына атау беріледі, ең басында алдыңғы үш әріп тұқымдастың латынша атауы, одан соң бірінші әріп түр атауы және арабша сандар – аллергеннің нөмірі (нөмір бөлу тәртібіне және/немесе клиникалық маңыздылығына байланысты).