ЛГ (лютеиндейтін гормон)
ЛГ – әйелдерде аналық без жасушаларына әсер ететін және ерлерде тестостерон деңгейін реттейтін гормон.
Әйелдің ағзасында гормон овуляцияны іске қосады, яғни аналық безінен ұрық жасушалары шығып, эстроген құрамы артады. Ерлерде тестостерон өндірілуін, сондай-ақ шәует бауы арқылы өткізгіштікті ынталандырады, жыныс гормондарын байланыстырушы нәруыздың (ГСПГ) өндірілуін жоғарлатады. Тестостерон өз кезегінде ЛГ тежеуші әсерін көрсетеді, яғни неғұрлым тестостерон көп болса, соғұрлым ЛГ аз және керісінше болады.
Сонымен ЛГ адамның ұрпақ жағырту денсаулығында маңызды рөлді атқарады.
Әйелдің бүкіл етеккір циклі кезінде қан құрамында ЛГ үнемі өзгеріп отырады. Гормон деңгейінің өсуі анықталғанда бұл овуляцияның сөзсіз болуын көрсетеді. Овуляцияға сынақ жасаудың негізінде сарыдене (лютеиндеуші) гормонды анықтау жатыр. Сынақ бала ұрықтандыру үшін ең қолайлы күнді анықтау үшін қажет. ЛГ фолликулдан «жарылған» аналық жасушаның босап шығуын ынталандырып қана қоймай, осы фолликулдың сары денеге айналуына ықпал жасайды, ол жатырды күтілетін жүктілікке дайындау үшін қажет прогестеронды шығарады.
ЛГ – гормон, который влияет на клетки яичника у женщин, и регулирует уровень тестостерона у мужчин.
В женском организме гормон запускает овуляцию, то есть выход яйцеклетки из яичника, повышает содержание эстрогена. У мужчин стимулирует выработку тестостерона, а также его проницаемость через семенные канатики, увеличивает продукцию белка, связывающего половые гормоны (ГСПГ). В свою очередь, тестостерон оказывает сдерживающее влияние на ЛГ – чем больше тестостерона, тем меньше ЛГ, и наоборот.
Таким образом, ЛГ играет важную роль в репродуктивном здоровье людей.
В течение всего менструального цикла у женщины содержание в крови ЛГ постоянно меняется. Обнаружение всплеска гормона свидетельствует о неизбежности овуляции. В основе тестов на овуляцию лежит определение именно лютеинизирующего гормона. Тест необходим для выявления наиболее благоприятного дня для зачатия ребенка. ЛГ не только стимулирует высвобождение яйцеклетки из «лопнувшего» фолликула, но и инициирует превращение данного фолликула в желтое тело, которое производит прогестерон, необходим для подготовки матки к предполагаемой беременности.