Кері қайту

Эякуляттағы MAR тестінде IgG санат антиспермалды антиденелерді анықтау

Антиспермальды антиденелер-бұл сперматозоидтар мембранасындағы антигендерге тікелей шығарылатын антиденелер. Басқаша айтқанда, ер адамның иммундық жүйесі дұрыс жұмыс істемеген кезде, ағза сперматозоидтарға шабуыл жасай бастайды, бұл бедеулікке әкеп соғады.

Еркектерде болатын антиспермальды антиденелер:

Сперматозоидтардың генетикалық құрылымы ер адамның басқа ағза мүшелеріндегі жасушалар құрылымынан 50%-ға ерекшеленеді. Сондықтан, ер адамның иммундық жүйесі сперматозоидтармен «кездескенде», ол оларға шабуыл жасай бастайды. Бақытымызға орай, физиологиялық жағдайларда ерлердің жыныс жасушаларын аутоагрессиядан қорғайтын бірқатар механизмдер бар, бірақ белгілі бір патологиялық процестер дамыған кезде қорғаныс механизмдері бұзылып, ер адамның өз ағзасындағы иммундық жасушалар сперматозоидтарды   антигендік құрылымдар ретінде тани бастайды:

1. Әдетте, сперматозоидтар атабездерінде Сертоли жасушаларының қызмет етуіне байланысты дамиды, олар бір жағынан сперматозоидтардың өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін бірқатар ферменттер шығарады, екінші жағынан қан жасушаларының қаннан ер адамның атабезіне енуіне жол бермейтін гематотестикулярлық тосқауыл (қан арнасы мен аталық без арасындағы тосқауыл) құрады. Бұл тосқауыл қабыну реакциясы немесе механикалық зақымдану салдарынан жойылған кезде иммундық жасушалар гематотестикулярлық тосқауыл арқылы оңай еніп, сперматозоидтарды антигендік құрылым ретінде қабылдай бастайды. Антиденелер сперматозоидқа қатысты емес, бірақ оның жекеленген бөліктеріне қатысты түзілетінін ескерген маңызды болып, антиденелердің түзілуі күллі жасушаның құрамына кіретін белгілі бір ақуыз бірліктеріне жатқызылады. Иммундық жасушалар қалыпты жағдайда ересек сперматозоидпен кездескенде, иммундық реакциялар ешқашан дамымайды, өйткені аутоиммунды реакциялар дамуы мүмкін кейбір ақуыз молекулалары иммундық жасушалар жақсы таныс басқа ақуыз құрылымдарының тасасында болады, сондықтан оларға агрессия көрсетпейді. Ал тосқауылдың зақымдануы және иммундық жасушалар бұрын таныс емес ақуыз молекулаларымен кездескенде, ал олар болса өз кезегінде көрінбейтін қабілетке ие бола алмай тұрғаны - бұл басқаша жағдай.

2. Сперматозоидтың даму процесінде оның қалыпты жұмыс істеуі үшін заттар мен ферменттердің түзілуі жеткіліксіз жүреді, бұл өткір және созылмалы аурулардың салдарынан немесе ұзақ уақыт аш болудың нәтижесіндегі ағзаның жалпы сарқылуына байланысты болуы мүмкін. Осыған байланысты ересек сперматозоид өзінің арсеналына әйел ағзасының жасушалық құрылымдарының антиген ретінде танылуына жол бермейтін механизмдердің белгілі бір бөлігін ала алмауы мүмкін, мысалы, спермоплазманың иммуносупрессивті факторы.

Нативті эякуляттағы IgG және IgA класындағы антиспермальды антиденелерді анықтау үшін аралас антиглобулиндік реакция тесті (МАР немесе MAR-тест) қолданылуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, бұл зерттеу тек қана ұрық сұйықтығы мен сперматозоидтардың негізгі көрсеткіштерін анықтауды қамтитын жалпы спермограмманы бағалаумен бірге жүргізіледі.

MAR тесті эякулят үлгісін латекс бөлшектерімен немесе IgA және IgG класындағы адам антиденелерімен қапталған қызыл қан жасушаларымен араластыруға негізделген. Алынған қоспаға адамға қарсы моноспецификалық IgG антисарысуын қосады. Аралас агглютинаттардың түзілуі сперматозоидтардың бетінде IgA немесе IgG антиденелері бар екенін көрсетеді. Нәтиже латекс бөлшектері қалыпты қозғалмалы сперматозоидтардың кем дегенде 50% - на жабысқан жағдайда ғана «иммунологиялық бедеулік» ретінде бағаланады. Бұл тест антиденелермен қапталған қалыпты сперматозоидтардың сипаттамалары тура сондай, бірақ антиденелері жоқ қалыпты сперматозоидтардың жалпы санына шаққандағы пайызын анықтауға мүмкіндік береді. MAR тесті спермограмма бойынша бағаланған сперматозоидтардың қалыпты концентрациясы мен қозғалғыштығы жағдайында жүргізілуі тиіс. Морфологиялық және функционалды жағынан қалыпты болып табылатын, бірақ олардың бетінде антиспермиялық антиденелері бар сперматозоидтар, ұрықтандыру процесіне қатыспайды және ер адамадрдағы бедеуліктің себебі болуы мүмкін.

Тағайындау үшін қажет көрсеткіштер:

  • Ер адамдардың бедеулік себептерін диагностикалау;

  • Ер адамдардың иммунологиялық бедеулігін диагностикалау;

  • Жұқпалы аурулармен, варикоцеле, крипторхизммен ауырғаннан соң, жарақат алған соң, операциядан соң, онкологиялық аурулармен ауырғаннан кейін гематотестикулярлық тосқауылдың бұзылуы турасында күдіктенгенде.

Нормасы:

IgA: 0 - 39.99% - қалыпты жағдайда.

IgG: 0 - 39.99% - қалыпты жағдайда.

Нәтижелерді түсіндіру:

0 – 39.99% - иммунологиялық бедеуліктің бар болуы ықтималдығы минималды түрде немесе мүлде жоқ;

> 39.99 % – иммунологиялық бедеуліктің бар болуының жоғары ықтималдығы.