Жағындыны тазалық дәрежесіне тексеру
Жағынды – бұл шырышты қабаттардың беткейінен алынатын материалды зерттеу әдісі. Талдаудың мақсаты – микрофлора құрамын бағалау және қабыну ауруларын анықтау. Жағынды алу үш аймақтан жүзеге асырылады: несеп жолынан, қынаптан және жатыр мойнынан. Осы аймақтан алынған материал төсеніш шыныда тиісінше «U», «V» және «C» әріптерімен белгіленеді.
Әйел адамның жыныс мүшесі ағзаға зиянын тигізбейтін қалыпты флора – микроағзаларға толы, бұдан бөлек олар белгілі жағдайларда (жыныстық инфекцияларға қатысы жоқ) қабыну үрдісіне себепші болатын шартты-патогенді микробтар дамуының кідіруіне ықпал жасайды. Жыныс мүшесін әртүрлі қоздырғыштардан «тазартуға» көмектесетін ең пайдалы флора Дедерлейн таяқшасы (лактобацилла) болып табылады. Флораның сапалық және сандық өзара қарым-қатынасын анықтау – диагноз қою мен емдеу тәсілдерін анықтауда маңызды қадам болып табылады.
Қынапта табиғи флораның жай-күйін бағалауда жіктеудің төрт тазалық дәрежесі бар:
- 1 дәреже – жағындыда эпителиалды жасушалар мен лактобацилланың мөлшері қалыпты, рН – қышқыл;
- 2 дәреже – аз шамада лейкоциттер, лактобацилла аз, грам оң диплококктар болады, рН – қышқыл болып қала береді;
- 3 дәреже – эпителий жасушалары мен лейкоциттер саны көп, лактобациллалары төмен, көптеген коккты бактериялар, рН – әлсіз қышқыл немесе сілтілі;
- 4 дәреже – көп мөлшерде эпителий мен лейкоциттер, іріңдеткіш микроағзалар, лактобацилла жоқ, рН – сілтілі.
Жағындыдан не анықтауға болады:
- Лейкоциттер – қалыпты жағдайда шамалы мөлшерде анықталады, өйткені бұл жасушалар ағзаны микробтардан қорғауға қажет. Лейкоциттер нормадан жоғары болғаны қабыну үрдісінің белгісі.
- Эпителийлер – бұл да биоматериалда шамалы мөлшерде болады. Оның анықталмауы әйел адамда гормональды дисбалансты білдіреді: әйел эстрогендерінің тапшылығы, ерлер тестостеронының шамадан көп болуы. Көп мөлшердегі эпителий – қабыну үрдісінің бір белгісі болып табылады. Мөлшері етеккір циклының фазасына байланысты.
- Шырыш – қынап бездерінен өндіріледі, шырыштың уретрада анықталуы зәр шығару жолдарының қабынуы туралы айтады.
- Эритроциттер – қызыл қан денешіктері етеккір циклының фазасына байланысты анықталуы мүмкін. Егер олардың саны шекті нормадан асып кетсе, онда қынап шырышты қабатының жарақатын, эррозивті үрдісті немесе қабынуды жорамалдауға болады.
- Микрофлора – белгілі бір анықталмаған микроорганизмдердің басым болуы: кокктар, таяқшалар.
- Атипиялық жасушалар – ісік алды жайды куәландырады.
- Өзекті (басты) жасушалар – гарднереллалармен немесе басқа микробтармен «бір-біріне жабысып қалған» эпителий жасушалары. Мұндай жасушалар иммунитет төмендеген кезде, гарднереллез кезінде байқалады.
- Гарднереллалар – жағындыдағы ұсақ бациллалар. Қалыпты жағдайда аз мөлшерде анықталады. Бұл бактериялар мөлшерінен көп болса (қынап дисбактериозы) бактериальды вагинозға әкеледі.
- Кандида – гарднерелла сияқты дені сау әйел адамда саңырауқұлақта болады. Егер кандидаға қарағанда лактобактериялар азаятын болса, онда вагинальды кандидоз дамиды (ел арасында «уылу/молочница» деп айтады). Кандидалардың көбеюінің себебі – иммунитеттің төмендеуі, оның ішінде жүктілік кезінде, антибиотик дәрілерді қабылдағанда туындайды.
- Кокктар – шартты-патогенді (стафилококк) және патогенді (гонококк) сияқты шар тәрізді бактериялар.
- Гонококк – соз (гонорея) ауруының қоздырғышы. Тек қынапты ғана зақымдап қоймай, несеп жолын, жатыр түтікшесін және тік ішекті де зақымдайды. Жыныстық инфекцияларға жатады.
- Стафилококк – оған қолайлы жағдай туғанда (иммунитет төмендегенде) тұрақты қабынуды туындатады.
- Стрептококк – асқазан-ішек жолында, тыныс алу жолдарында, сондай-ақ ауыз қуысы мен мұрында аз мөлшерде өмір сүретін бактерия. Жағындыда бірен-саран стрептококктар анықталғаны норма ретінде қарастырылады. Стрептококк концентрациясының жоғарылауы бейспецификалық қабынуға әкеледі.
- Энтерококк – АІЖ микрофлорасында мекендейтін жалғыз ғана мекендеуші. Көп мөлшерде энтерококктар зәр-жыныстық жүйенің немесе кіші жамбас мүшелерінің қабынуын көрсетеді. Бұл микроағзаларға әрдайым тиісті көңіл бөлінбейтіндіктен және тек жыныстық инфекция емделетіндіктен мәселе туындайды, себебі сол уақытта стафилококктар, стрептококктар және энтерококктар антибиотикке төзімділікті дамытады.
Егер осындай микрофлора анықталса, оңтайлы дәрі-дәрмектерді таңдауға мүмкіндік беретін "антибиотиктерге сезімталдықты анықтай отырып, қынаптан жағынды алуды «ОЛИМП» КДЗ талдауға кеңес береді.
Трихомонада – инфекцияларға жағынды әрдайым трихомонадты анықтай бермейді, өйткені бұл бактерия өзгертілген түрге ие болуы мүмкін. Оның болуын растау үшін бактериологиялық себінді жасалады.