Микоплазмоз IgМ
Талдау жыныстық инфекцияларды серологиялық диагностикалауға жатады. Зерттелетін материал қоздырғышқа антиденелері анықталатын қан болып табылады. Антидене – бұл нақты бөгде нәруыз-антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда микоплазма (Mycoplasma hominis) антиген болып табылады. Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM. Дегенмен антиденелер өте жоғары концентрацияда болса да иммунитет микоплазмамен әрқашан күресе алмайды. Тізімделген антиденелердің әрқайсысына тән өзінің қызметі және пайда болу кезеңдері болады. IgМ антиденелері жұқтырылғаннан кейін 5-ші күннен бастап өндіріледі. IgM концентрациясының шарықтау шегі 1-2 аптаға жетеді, содан кейін олардың концентрациясы біртіндеп төмендейді және 2-3 айдан кейін, тіпті емделусіз толығымен жоғалады, олардың орнына IgG келеді. Егер микоплазмоздың созылмалы ағымы кезінде өршу басталса, IgM қайтадан пайда болады.
Микоплазмоз — басымырақ несеп-жыныстық жүйені зақымдайтын, арнайы микроағза – микоплазмалар туындататын созылмалы жұқпалы ауру. Микоплазмалар шартты-патогенді (тек иммунитет әлсіреген кезде ауру тудырады) және олардың түрлілік ерекшеліктері олар үшін қолайлы жағдай тудырмай-ақ адам ағзасына зиян келтіруге мүмкіндік беретін патогенді болып бөлінеді. Патогенділері тек қана жыныстық жолмен беріледі және ананың инфицирленген босану жолынан баланың өту кезінде жұғады.
Микоплазмоздың клиникалық көріністері:
- Несеп жолының сыртқы саңылауынан мөлдір, ақ немесе сарғыш түсті бөліністердің болуы;
- Зәр шығару кезінде ашып ауру сезімі;
- Жыныстық қатынас кезінде жағымсыз сезіну (диспареуния);
- Несеп жолының сыртқы саңылауының қызаруы және қышынуы;
Асқынған микоплазмоз кезінде:
- Ерлерде ұмада, сондай-ақ тік ішек аймағында ауырсынуы;
- Әйелдерде тік ішек, қасаға, бел аймағының ауырсыну сезімі, іштің төменгі жағының тартып ауруы;
- Жұғын тәрізді етеккіраралық қан кетулер;
- Сыртқы жыныс ағзаларында (гениталий) ұсақ бөртпелер;
Бұл симптомдар әйелдерде де, ерлерде де инфекцияның өрлемелі жолмен таралып, кез-келген кіші жамбас мүшелерін зақымдалуымен байланысты. Ең қаһарлы асқыну: ерлердің және әйелдердің бедеулігі