Микоплазмоз IgG
Зерттелетін материал қоздырғышқа антиденелері анықталатын қан болып табылады. Антидене – бұл нақты бөгде нәруыз-антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда микоплазма (Mycoplasma hominis) антиген болып табылады.
Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM. Дегенмен антиденелер өте жоғары концентрацияда болса да иммунитет микоплазмозбен әрқашан күресе алмайды. Тізімделген антиденелердің әрқайсысына тән өзінің қызметі және пайда болу кезеңдері болады. IgG антиденелері жұқтырылғаннан кейін 15-20 күннен бастап өндіріледі және шамалы мөлшерде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Қайтадан жұқтыру болған соң антидененің титрі қайтадан жоғарлайды.
Микоплазмоз — басымырақ несеп-жыныстық жүйені зақымдайтын, арнайы микроағза – микоплазмалармен шақырылатын созылмалы жұқпалы ауру. Микоплазмалар шартты-патогенді (тек иммунитет әлсіреген кезде ауру тудырады) және олардың түрлілік ерекшеліктері олар үшін қолайлы жағдай тудырмай-ақ адам ағзасына зиян келтіруге мүмкіндік беретін патогенді болып бөлінеді. Патогенділері тек қана жыныстық жолмен беріледі және ананың инфицирленген босану жолынан баланың өту кезінде жұғады.
Микоплазмоздың клиникалық көріністері:
- Несеп жолының сыртқы саңылауынан мөлдір, ақ немесе сарғыш түсті бөліністердің болуы;
- Зәр шығару кезінде ашып ауру сезімі;
- Жыныстық қатынас кезінде жағымсыз сезіну (диспареуния);
- Несеп жолының сыртқы саңылауының қызаруы және қышынуы;
Асқынған микоплазмоз кезінде:
- Ер адамдарда ұмада, сондай-ақ тік ішек аймағында ауырсынуы;
- Әйел адамдарда тік ішек, қасаға, бел аймағының ауырсыну сезімі, іштің төменгі жағының тартып ауруы; Жұғын тәрізді етеккіраралық қан кетулер;
- Сыртқы жыныс ағзаларында (гениталий) ұсақ бөртпелер.
Ең қаһарлы асқыну: ерлердің және әйелдердің бедеулігі.