Кері қайту

Candida albicans-ты нақты уақыт тәртіптемесіндегі ПТР әдісімен анықтау

Кандидоз – Candida тұқымдастығына жататын, ашытқы тәріздес саңырауқұлақтарынан туындайтын ауру. Бұл тұқымдастықтың саңырауқұлақтары дені сау адамдардың ауыз қуысының, қынаптың, сондай-ақ тоқ ішектің қалыпты микрофлорасының құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ белгілі жағдайлар кезінде бұл саңырауқұлақтардың пайыздық құрамы артады, бұл нәтижесінде кандидоздың дамуына әкеледі. Candida саңырауқұлақтарының концентрациясы 104 КОЕ/мл көп болатын болса кандидоз деп саналады.

Кандидоздың дамуына ықпал ететін агенттер:

Кең спектрлі антибиотиктерді ұзақ уақыт біліксіз қабылдау, өйткені саңырауқұлақтар антибиотиктерге сезімтал емес болғандықтан, ағзаның қалыпты микробтық құрамының мөлшері күрт төмендейді. Микробтық тепе-теңдіктің бұзылу салдарынан кандидтердің күрт өсуі жүреді.

Жалпы иммунитеттің төмендеу нәтижесінде:

  • иммунитеттің төмендеуі;
  • ұзақ қабыну реакцияларымен жүретін әртүрлі аурулар;
  • ағзада алмасу үрдістерін бұзатын (иммундық реакциялардың жасушалық және гуморальдық звеноларының белсенуі үшін қахет ферменттердің тапшылығы)
  • аурулар - климаттық жағдайлардың күрт ауысуы;
  • жиі, айқын эмоциональдық күйзелістер;
  • глюкокортикоидтармен ұзақ гормональды емдеу;
  • цитостатиктерді қабылдау (адамның иммундық жүйесінің белсенділігін тежейтін дәрілер);
  • жүктіліктер (жүктілік кезінде ағзаның жалпы иммундық реактивтілігі физиологиялық төмендейді, бұл өздігінен иммундысупрессивтік әсері бар стероидтық гормондардың көп өндірілуіне әрекет жасайды);
  • АИТВ инфекциясы (иммундыкомпетентті жасушалардың жасушалық мембранасына вирустың әсер етуінен жасушалық иммунитеттің дезактивациясы жүреді, соның салдарынан иммунды жасушалардың рецепторлық аппараты зақымданып, соңғылардың антигендік құрылымды тануына кедергі жасайды).

Жыныс кандидозының клиникалық белгілері. Әйелдерде, әдетте, кандидалар қынап пен сыртқы жыныс мүшелеріне әсер етеді, бұл келесі клиникалық көріністе байқалады:

  • Сыртқы жыныс мүшелерінің аймағында етеккір уақытында күшейетін, сондай-ақ ұзақ жүру кезінде айқын қышыну мен ашып ауруы.
  • қынаптан көп мөлшерде ақшыл, жағымсыз қышқыл иісті, ірімтік түрдегі бөліністер;
  • жыныстық қатынас кезінде ауырсыну сезімі (диспареуния);
  • зәр шығару актісінде ауырсыну сезім. 

Ерлерде жыныс мүшесінің басы мен шеткі тән зақымданып, келесі симптомдар пайда болады:

  • жыныс мүшесінің басы мен шеткі тән аймағында қатты қышыну мен ашып ауру сезімі;
  • жыныс мүшесінің басы мен шеткі тәнде қызарған аймақтар;
  • жыныстық қатынас пен зәр шығару кезінде ауырсыну сезімдері;
  • жыныс мүшесінің басында ақшылтым өңез.

Полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) әдісімен Candida albicans анықтау жоғары сезімталдықпен және арнайылықпен ерекшеленеді (98%). ПТР қағидасы зерттелетін генетикалық материалды шыны түтікте бірнеше рет екі еселенгеннен кейін осы саңырауқұлаққа тән бірегей ДНҚ қалдығын сәйкестендіруден тұрады. Егер ПТР әддісімен кандида тұқымдастығының саңырауқұлағы анықталған болса, онда диагностиканың келесі сатысы саңырауқұлақ микрофлорасына жағындыны себу микроб санын, сондай-ақ саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік заттардың сезімталдығын көрсететін микробиологиялық әдісті жүргізу болып табылады.

«ОЛИМП» КДЗ желісінде ПТР-зерттеулер REAL-TIME тәртіптемесінде орындалады, бұл әрбір аппараттық айналымнан (амлификация) кейін биоматериалда ДНҚ санын өлшеуді білдіреді. Бұл процедура жалған оң нәтиженің ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді!