Кері қайту

Chlamydia trachomatis-ті нақты уақыт тәртіптемесіндегі ПТР әдісімен анықтау

Хламидиоз – бұл қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде жыныстық жолмен берілетін ауру. Бұдан бөлек, нәрестелер босану жолдары арқылы өту барысында жұқтыру қаупіне ұшырайды. Хламидиоздың қоздырғышы хламидия (Chlamydia trachomatis) болып табылады. Хламидиоз белгілері мардымсыз, жиі симптомсыз өтеді, бұл бақылаусыз антибиотиктерді қабылдауына байланысты. Дегенмен клиникалық көріністер жыныстық инфекцияға күдік туғызуады.

Ер адамдарда:
- Несеп жолының сыртқы саңылауынан мөлдір бөліністердің болуы жиі таңертең;
- Зәр шығару кезінде ауырсыну.

Әйел адамдарда:
- Жыныс жолдарынан мөлдір бөліністердің болуы;
- Жұғын тәрізді етеккіраралық қан кетулер;
- Іштің төменгі жағының сыздап ауруы;
- Зәр шығару кезінде ауырсыну.

Жоғарыда көрсетілген белгілер жұқтырған сәттен бастап кемінде бір-екі аптада соң көрінеді. Хламидиоздың ерлер мен әйелдер үшін ең қауіпті асқыну – бедеуліктің дамуы. Әйелдерде бұл ұрпақ жаңғырту мүшелерінде қосылыстардың түзілумен жүреді. Ерлерде бедеулік хламидиоздың жасушадан тыс түрінен жасуша ішілік түріне ауысына байланысты дамиды: микробтар шәует жасушасына еніп, оларды ұрықтануға қабілетсіз етеді. Бұл факт хламидиозды уақытылы диагностикалау және емдеу қажеттілігі туралы айтады!

Сhlamydia trachomatis тізбекті полимеразалық реакция әдісімен анықтау жоғары сезімталдық пен арнайылығы жоғары болуымен (98%) ерекшеленеді. ПТР қағидасы зерттелетін генетикалық материалды шыны түтікте бірнеше рет екі еселенгеннен кейін осы микроағзаға тән бірегей ДНҚ қалдығын сәйкестендіруден тұрады. «ОЛИМП» КДЗ желісінде ПТР-зерттеулер REAL-TIME тәртіптемесінде орындалады, бұл әрбір аппараттық айналымнан (амлификация) кейін биоматериалда ДНҚ санын өлшеуді білдіреді. Бұл процедура жалған оң нәтиженің ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді! Зерттелетін материал несеп жолынан немесе қынаптан алынған жағынды болып табылады. Демек талдау нәтижесі биоматериал алынған жерде қоздырғыштың бар екендігі немесе жоқ екендігі туралы көрсетеді Хламидиоз туралы толығырақ оқыңыз: « ХЛАМИДИОЗҒА ТЕКСЕРІЛУДІҢ 8 СЕБЕБІ »