Кері қайту

Ureaplasma species-ті нақты уақыт тәртіптемесіндегі ПТР әдісімен анықтау

Уреаплазма species — жасушалар мембранасында мекендейтін паразиттік микроағза. Вирустар мен бактериялардың арасында аралық орынды алады. Уреаплазмада жасушалық қабырғасы жоқ, оның рөлін үш қабатты цитоплазмалық мембрана атқарады. Уреаплазма жыныс мүшелері мен несеп-жыныстық жолдың шырышты қабаттарында болатын шартты-патогенді микроағзаға жатады. Несеп-жыныстық эпителиальды жасушаларына жоғары таңдамалығы (троптылығы) бар. Симптомсыз тасымалдаушы белсенді жыныстық қатынастағы әйелдер мен еркектерде 70 пайызға жуық байқалады. «Species» - бұл нақты уреаплазма түрінің атауы. Бұл терминге келесі микроағзалардың түрлері кіреді:

  • Ureaplasma parvum
  • urealyticum
  • canigenitalium
  • cati
  • diversum
  • felinum
  • gallorale
  • loridis

Уреаплазма – зәр шығару өзегінің, сондай-ақ ер адамдарда қуық асты безінің және әйел адамдарда қынаптың зақымдануымен жүретін қабыну ауруы – уреаплазмоз шақырады. Уреаплазмоздың клиникалық көрінісі тек уреаплазмалардың шектік деңгейден (10^4 КОЕ) жоғары сандардың артуы кезінде ғана байқалады, бұл жиі ағзаның қорғаныштық қасиеті төмендегенде жүреді. Уреаплазмоз инфекциясы негізінен жыныстық жолмен, соның ішінде оральді (ауыз арқылы)-жыныстық жолмен беріледі. Нәрестелерге инфекция жұқтырған анадан, баланың босану жолдары арқылы өтуі кезінде беріледі. Жүктілікті жоспарлау кезінде ата-аналар осы инфекцияға тексерілуі қажет, өйткені жүктілік кезінде ұрықтың құрсақ ішілік инфекциясы пайда болуы мүмкін, әсіресе ұрық мүшелерінің белсенді дамуы кезінде бұл ауыр зардаптарға әкеледі. Уреаплазманы жұқтыруға ықпал ететін факторларға мыналар жатады:

  • Қорғалмаған жыныстық қатынас және жыныстық серіктестердің жиі өзгеруі
  • Кең спектрлі антибиотиктерді қабылдау
  • Жалпы және жергілікті иммунитеттің төмендеуі

Клиникалық белгілері

Әйелдерде:

  • Қынаптан аз бөлінетін, іс жүзінде түссіз, ерекше иісі жоқ бөліністер
  • Іштің төменгі бөлігіндегі шаншып ауырсыну, бұл қабыну процесінің жатыр мен қосымшаларға таралуына байланысты болуы мүмкін
  • Физиологиялық қажеттілікке байланысты емес жиі зәр шығару
  • Зәр шығару кезінде ашып ауру
  • Жыныстық қатынас кезінде немесе жыныстық қатынастан кейін жағымсыз, орташа ауырсыну сезім

Ерлерде:

  • Сыртқы зәр шығару өзегінен иіссіз, бұлыңғыр бөліністер, көбінесе таңертең зәр шығару актілері арасындағы ұзақ үзілістен кейін
  • Зәр шығару кезінде орташа ауырсыну болады, ашып ауру сезімі аз кездеседі
  • Ұма аймағындағы ауырсыну сезімі, бұл инфекцияның аталық безі мен аталық без қосалқысына енуіне байланысты

Әйелдер мен ерлерде:

  • Уреаплазмоздың созылмалы түрге ауысу кезінде бедеулік байқалуы мүмкін, бұл жабыспа (спайка) үрдісінің дамуына байланысты болады, бұл кезде әйел адамдарда жатыр түтігінің саңылауы тарылады, ал ер адамдарда шәует шығаратын түтік «бітеліп қалады».

Уреаплазманы тізбекті полимеразалық реакциямен анықтау жоғары сезімталдық пен арнайылығы жоғары болуымен (98%) ерекшеленеді. ПТР қағидасы зерттелетін генетикалық материалды шыны түтікте бірнеше рет екі еселенгеннен кейін осы вирусқа тән бірегей ДНҚ қалдығын сәйкестендіруден тұрады. «ОЛИМП» КДЗ желісінде ПТР-зерттеулер REAL-TIME тәртіптемесінде орындалады, бұл әрбір аппараттық айналымнан (амлификация) кейін биоматериалда ДНҚ санын өлшеуді білдіреді. Бұл процедура жалған оң нәтиженің ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді!