Кері қайту

Биологиялық материалдан сапалы ПТР әдісімен Эпштейн-Барр вирусын (ҚГВ-IV) анықтау

Эпштейн-Барр вирусы –герпес вирусының 4-ші түрінің ең көп таралған вирусы болып табылады.  Ол өзінің атауын вирусты ашқан Майкл Эпштейн және оның аспиранты Ивонна Барр құрметіне алды.  Ғалымдардың соңғы іргелі еңбектері осы вирусқа бұрыңғыдан гөрі жете мән беруін талап етеді. Эпштейн-Барр вирусы 90%-дан астам дені сау популяцияны жұқтырады және шамалы мөлшерде В-жады жасушаларда сақталып қалады. Сәйкесінше 90% -ға жуық ересек адамдар вирус тасымалдаушы болып табылады. Сәбилердің қанында анасының антиденелері жойылып кеткенде олар Эпштейн-Барр вирусына тез шалдығады. Вирус ағзаның биологиялық сұйықтықтарында болады, әсіресе оның жоғары концентрациясы сілекейде анықталады. Вирус ауа-тамшылы және қатынастық жолмен жұғады. Сүйісу кезінде жұқтыру қаупі жоғары. Осы себептен Эпштейн-Барр вирусымен шақырылған ауруды ғылыми атауынан бөлек бейресми «Сүйісу ауруы» деп атайды. Ауыз қуысында вирус эпителиальді жасушаларды зақымдап, бадамша бездері мен жұтқыншақтың қабынуын «жұқпалы мононуклеозды» шақырады. 

Аурудың клиникалық белгілері көкбауырдың ұлғаю ықтималдығынан басқа кәдімгі баспадан (ангинадан) ешқандай айырмашылығы жоқ.  Сондай-ақ, зертханалық мәліметтерде ерекшеліктер бар, ол қанда атипиялық мононуклеарлардың пайда болуы, оларды тек қан жағындысын микроскопия кезінде егжей-тегжейлі қарағанда ғана анықтауға болады.  Сондықтан жиі науқастардың шағымдары мен аңқаның сыртқы сипатының негізінде баспа (ангина) немесе ЖРВИ диагозы қойылады. Мононуклеоздың өзі көкбауырдың жарылуы мүмкін болған жекелеген жағдайларда адам өміріне қауіп төндіреді. Иммунитеттің төмендеу салдарынан және аурудың созылмалы түрге өтуіне қарай екіншілік инфекцияларындың қосылуынан қауіптену керек. Вирусты жұқтыруың ең ауыр түрі лимфалық түйіндердің обыры – лимфома. Лимфалық түйіндерде Эпштейн-Барр вирусымен зақымдалған В-лимфоциттер шоғырланады және жасушалар бақылаусыз көбейе бастап, ол ісіктің дамуына әкеледі. Алайда,

Эпштейн-Барр вирусы аса жиі көптеген адамдар біле бермейтін және күдіктенбейтін, аурулардың халықаралық жіктелу (МКБ-10) тізіміне енгізілген ауру - созылмалы шаршау синдромын (СХУ) тудырады. Созылмалы шаршау синдромы ұзақ уақыт шаршаумен, ұзақ уақыт тынығудан кейін де басылмайтын жалпы әлсіздікпен сипатталады. Бұл жұмыстан қашқақтау, жалқаулану үшін ойлап табылған субъективті жағдай емес, адамның жүйке, эндокриндік және иммундық жүйесі арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуымен бірге жүретін дербес патология. Аурудың клиникалық көрінісі ерік-жігердің арқасында жеңуге болатын кішігірім «сырқаттанудан» бастап, науқасты төсекке жатқызатын ауыр күйзеліске (10% жағдайда туындайды) дейін түрленеді. Өкінішке орай, созылмалы шаршау синдромын анықтау өте қиын, өйткені бұл жағдай жүрек және жүйке жүйелері, асқазан-ішек жолдары, қуық жағынан функциональдық бұзылыстар түрінде бүркемеленеді.  Ауа-тамшылы жолмен жұғады. Аурудың шыңы – 15-25 жас аралығы.

Эпштейн-Барр вирусымен әдетте балалық шақта (10 жасқа дейін) алғашқы рет қатынас жүреді, ол жасырын симптомсыз немесе симптомдары аз инфекциялардың дамуын шақырады. Қоздырғышты анықтау үшін вирустың ДНҚ анықтауға мүмкіндік беретін тізбекті полимеразды реакция әдісін қолданады. Әдістің қағидасы - осы қоздырғышқа тән ДНҚ аумағының көшірмелерінің санын бірнеше есе көбейтуге негізделген.