Антиэритроцитарлық антиденелерді ID-карталарда Кумбстың тікелей емес тестімен анықтау (сапалы тест) (скрининг)*
Жанама Кумбс сынамасы немесе жанама антиглобулиндік сынақ (ЖАС) қан сарысуындағы эритроциттердегі антиденелерді анықтау үшін қажет.Бүгінгі күнге дейін Кумбс сынамасы зертханалық тәжірибеде жасушалық мембрананың комплемент жүйесі антиденелерімен және (немесе) компоненттерімен байланысу салдарынан эритроциттердің деструкциялануымен сипатталатын иммунды патологиялық жағдайларды, соның ішінде ұрықтың және нәрестенің гемолитикалық ауруына (ГБПиН), аутоиммунды гемолитикалық анемияларға күдік кезінде қолданылады.Жанама Кумбс сынамасы трансфузионды заттарды индивидуалды (жекелей) іріктеп алудың ең жақсы әдісі болып қала бермек, себебі донор мен реципиентті эритроцитарлық антигендері бойынша бір-бірімен индивидуалды тіркесушілігін аса дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.Трансплантацияға дейінгі кезеңде және трансплантациядан кейін мүшелер мен ұлпалардың барлық реципиенттерін және гемопоэтикалық бағаналы жасушалар реципиентерін тікелей антиглобулиндік сынақ арқылы аутоантиденелердің бар болуына қосымша тексеру ұсынылады. Антиглобулиндік сынама иммунды-гематология және трансфузиологиядан басқа бірқатар патологиялық жағдайларда: гемолитикалық ауруларды, оған қоса лимфопролиферативтік ауруларды, дәнекер ұлпаның жүйелік ауруларын, Шегрен ауруын, созымалы белсенді гепатит және т.б. ауруларды диагностикалау кезінде кеңінен қолданылады