Кері қайту

Helicobacter pylori антигенін анықтау

Нәжістен Хеликобактер пилори антигенін анықтау алғашқы диагностикалау және емдеуді бақылау үшін арналған. Helicobacter Pylori (H. pylori) – адамның асқазаны мен он екі елі ішек (ұлтабарда) болатын шиыршық тәрізді бактерия. Асқазанның қышқыл ортасында тіршілік ету үшін H. Pylori бактериясы несепнәрді (мочевинаны) бикарбонат пен аммиакқа алмастырушы (метаболизм) уреазаны өндіреді.

Атап айтқанда, аммиактың күшті жемірілулік әсері асқазанның шырышты қабатына әсер етіп, оның елеулі зақымдануына әкелуі мүмкін. H. pylori инфекциясы кезінде болатын гастрит ақыр соңында инфекция сақталатын иммундық жауаптың салдарынан он екі елі ішектің ойық жарасына немесе асқазан ісігіне әкелуі мүмкін. 

H. Pylori инфекциясының дәстүрлі диагностикасы гастроскопия және биопсия сияқты инвазиялық шараларды талап етеді, бұл көптеген науқастар үшін ауыр процедуралар болып табылады. H. Pylori инфекциясы туралы ақпаратты баламалы 13С-уреазалық тыныс алу сынағы немесе қан сарысуынан H. Pylori антиденесін өлшеу бере алады. 

Алайда, серологиялық талдау H. Pylori сәтті емделуден кейін антиденелердің қалпына келуі баяу жүруіне байланысты кейіннен сараптама жасау үшін жарамайды. (Катлер және басқалары, 1996). H. Pylori жұқтырған адамдарда бактерия нәжіспен бөлінетіндіктен, белсенді инфекция нәжіс үлгісінде H. Pylori антигенін зерттеу арқылы анықталуы мүмкін.

Сәтті емдеуді терапия аяқталғаннан кейін 6 аптадан 8 аптаға дейін сынақтың теріс нәтижесімен расталуы мүмкін (Коста и др. 2001).  Н. Pylori антигенін анықтауға көрсеткіштер:  

  • Ең алғашқы диагнозы хеликобактерлік инфекция. Мысалы, гастрит немесе асқазанның ісігі 
  • Емдеу нәтижелерін бақылау үшін.  

Басқа әдістермен салыстырғанда артықшылықтары:  

  • Инвазиялық емес үлгілер жинағы – науқас үшін қарапайы және қолжетімді әдіс; 
  • Шығындар жағынан үнемді және гастроскопияның «алтын стандартына» сапасы жағынан сенімді баламалы таңдау; 
  • 13С-уреазалық тыны салу сынағына сезімталдығы мен арнайылығы бойынша баламалы; 
  • Алдыңғы емге қарамастан қолданылуы мүмкін.