Қан сарысуындағы В гепатиті вирусының HBeAg ИФТ әдісімен анықтау (HBeAg)
HBеAg (инфекция антигені) - НBсoreAg генімен кодталатын өзектік нәруыз болып табылады. Инкубациялық кезеңнің соңынан бастап қанда вирусемия кезеңінде HBsAg қатарлас анықталады.
Бұл кезеңде ПТР әдісі арқылы жоғары ықтималдықпен HBV-DNA анықталады. Дені сау адам ағзасына HBеAg "+" түскен кезде жұқтыру ықтималдығы егер сероконверсия болып, HBeAg жоғалып, орнына anti-HBe ауыстырылумен қарағанда он есе жоғары болады. Ағзада HBeAg антидене синтезі инфекция антигені шығарылып (элиминация) тасталғаннан соң басталады, бұл ағзадағы вирустың репликациясының (көбеюінің) тоқтағанын білдіреді. 9-шы аптаның соңында бұл антиденелерді 90% науқастарда анықтауға болады. Алайда anti-HBe анықталуы әрдайым нақты осы қан сарысуында инфекцияның жоқ екеніне көрсеткіш бола алмайды. Кейде вирустың мутантты, ақаулы HBeAg теріс түрі пайда болуы мүмкін, яғни вирус осы антигенді синтездеуге қабілетсіз болады. Бұл ретте қанда anti-HBe анықталғанымен, вирустың жоғары репликациялық белсенділігі сақталады.