Талдаулар тізіміне

ІГХ әдісімен ісіктің рецепторлық статусын және пролиферативті белсенділігін анықтау (ER, PR, Ki-67)

Ісік тініндегі рецепторлық статусты және пролиферативтік белсенділікті ИГХ әдісімен (ER, PR, Ki-67) бағалау - онкоморфологиядағы негізгі диагностикалық зерттеу болып табылады. Ол ісіктің гормондық сезімталдығын және оның биологиялық агрессивтілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Зерттеу көбінесе сүт безі ісіктері кезінде қолданылады және емдеу тактикасын, соның ішінде гормондық емнің қажеттілігін таңдауда және аурудың болжамын анықтауда шешуші рөл атқарады.

Нені бағалайды

  • Эстроген рецепторлары (ER) - ісіктің эстрогендерге сезімталдығын анықтайды. 
  • Прогестерон рецепторлары (PR) - ісіктің гормондық тәуелділігін және ER-дің функционалдық белсенділігін көрсетеді. 
  • Ki-67 - пролиферативтік белсенділіктің көрсеткіші, ісіктің өсу жылдамдығын сипаттайды. 
  • Осы маркерлерді кешенді бағалау ісікті молекулалық қосалқы түрі бойынша жіктеуге және болжамын анықтауға мүмкіндік береді. 

Биоматериал: парафин блогы