Қан сарысуындағы В гепатиті вирусының HBsAg жиынтық антиденелерін ИФТ әдісімен анықтау (anti-HBsAg total)
Алу үшін биоматериалды таңдаңыз
В вирусты гепатитке қарсы қорғаныштық иммунитеттің болу көрсеткіші.
Anti-HBs-антиденелер жедел В гепатиттен сауығу фазасында, әдетте HBsAg («терезе» фазасы деп аталады) ағзадан шығып кеткен соң 3-4 айдан кейін пайда болады. Бұл фазаның ұзақтығы 1 айдан 1 жылға дейін, науқастың иммундық жүйе жағдайын байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл «терезе» кезеңінде емделушіні anti-HBcIgM тексерген маңызды.
Anti-HBs-антидене әсіресе осы вирусқа қарсы иммундық қорғануды қамтамасыз етуге маңызды, сондықтан анти-HBs антиденелерін сандық анықтау әдетте В гепатитіне қарсы вакцинация кезінде иммунитеттің тиімділігін бақылауда қолданылады. Уақыт өте келе антидене титрі анықталмайтын деңгейге дейін төмендейді. Кейде anti-HBs-антидене өмір бойы ағзада айналымда жүруі мүмкін.
В гепатитімен ауыратын науқаста клиникалық жақсару аясында анти-HBs пайда болуы және HBsAg жоғалуы жақсы болжамдық белгі және қалпына келу көрсеткіші болып табылады. В гепатитінің созылмалы ағымында беткейлік антигенді және оған антиденелерді параллель анықтауға болады. В гепатитінің жедел кезеңінде анти-HBs-ке қарсы HBsAg қатар анықтау аурудың қолайсыз болжамын көрсетеді.
Вирустың беткейлік (HBsAg) және өзектік (HBcAg) нәруыздары антигендер болып табылады, тиісінше anti-HBs және anti-HBc өндіруге әрекет етеді. Өзектік антиген қанға түсіп, аса тұрақты құрамдық бөлікке ыдырайды, оның біреуі HBe-Ag сондай-ақ антигендік қасиетті алады. Осыған anti-HBe антидене өндіріледі.
HBV генетикалық өзгермелілігі иммундық жауаптың бақылауынан «тайып кетуіне» әрекеттейді. Осыған байланысты зертханалық диагностикада (серонегативті В гепатит), сондай-ақ аурудың созылмалы түрге айналуында қиындықтар туындайды. Вирустың геномында ДНҚ атиптік аймақтардың пайда болуы В гепатиттің фульминантты (бауыр паренхимасының некроздануы) ағымына әкеледі.