«A, B, C және D вирустық гепатиттерінің кеңейтілген скринингі» пакеті
А, В, С және D вирустық гепатиттерін бір мезгілде скринингтен өткізуге арналған кешенді серологиялық зерттеу.
Зерттеу А гепатитінің жедел немесе жақында болған инфекциясының зертханалық маркерлерін, В гепатиті вирусының ағымдағы инфекциясын, сондай-ақ С және D гепатиті вирустарымен байланыс болғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Кешен вирустық гепатит белгілері болғанда, бауыр көрсеткіштері жоғарылағанда, инфекция жұқтырған адаммен байланыста болғанда немесе басқа да қауіп факторлары болғанда ұсынылады.
Зерттеу скринингтік сипатта жүргізіледі: нәтижелерді дәрігер бағалайды және қажет болған жағдайда растаушы тестілермен толықтырылады.
Пакет құрамы:
- HBsAg - В гепатиті вирусының беткейлік антигені
- Anti-HCV total - С гепатиті вирусына жалпы антиденелер
- Anti-HAV IgM - А гепатиті вирусына IgM класты антиденелер
- Anti-HDV total - D гепатиті вирусына жалпы антиденелер