Кері қайту

Қан сарысуында жүктіліктің 1-ші триместрінде пренатальді скрининг жүргізу (жүктілікпен байланысты плацентарлы протеинді (ПАПП-А) және хорионикалық гонадотропиннің β-бірлігін (β-АХГ) анықтауға арналған екі тест (кеңейтілген: Даун синдромы, Патау/Эдвардс синдромы, Шерешевский-Тернер синдромы)

SsdwLab 6.0.14 – ұрықтың генетикалық ауруларының (Даун синдромы, Патау/Эдвардс синдромы, Шершевский-Тернер синдромы) ықтималдығын жүктілікпен байланысты 1-ші триместрде (10 апта-13 апта 6 күн) плазмалық нәруыз -А, еркін βHCG белгілі бір гормондардың еркін қатынасы бойынша есептеуге мүмкіндік беретін жүкті әйелдерді тексерудің пренатальды скринингтік әдісі.

SsdwLab 6.0.14 жұмысының негізінде ғылыми зерттеулердің орасан зор статистикалық мәліметтер базасы жатыр. Ұзақ уақыт бойы көптеген елдерде ғалымдар жүкті әйелдерді тексере келе науқастардың әртүрлі биологиялық ерекшеліктері мен баланың генетикалық аурулармен туылу ықтималдығы арақатынасының арасында байланыстың бар екендігі туралы тұжырым жасады. Қауіптілікті дәл бағалау ана мен ұрықтың жекелеген (индивидуалды) ерекшеліктерін қамтитын қуатты есептеу алгоритмі қамтамасыз етеді. Ескеріледі:

  • Жүктілік мерзімі;
  • УДЗ мәліметтері (ұрықтың өлшемі, гестациялық жасы, КТР, ТВП);
  • Нәсілдік қатарына жату;
  • Жасы;
  • Зиянды әдеттері;
  • Дәрілік заттарды қабылдау

Жүктілікпен байланысты (10 апта-13 апта 6 күн) плазмалық нәруыз -А, еркін β-HCG биохимиялық талдауды орындау; УДЗ ерекше көңіл бөлінеді, өйткені нәтижелердің нақтылығы көбінесе соған байланысты.   Нәтиже мысалы: 1:80 – жоғары патологиялық қауіп болып табылады, яғни осындай талдау нәтижесімен және қауіп факторымен 80 әйелдің біреуінде генетикалық аурулармен бала туылуы мүмкін.

Биохимиялық маркерлерді анықтау үшін ОЛИМП КДЗ Roche компаниясының заманауи жоғары дәлдіктегі Cobas Е8000 платформасы қолданылады. Бұл компания Fetal Medicine Foundation (FMF, ұрық медицинасының халықаралық қоры, Ұлыбритания) аттестациясынан өткен және пренаталдық скринингтік сынақ өткізу үшін аккредиттелген үш компанияның бірі. Компьютерлік өңдеуге және мәліметтерді алуға УДЗ мәліметтерін және биохимиялық маркерлердің мәліметтерін ескере отырып, жүктіліктің 1-ші триместрінде (10 апта-13 апта + 6 күн қауіпті есептеуге мүмкіндік беретін Roche – SsdwLab 6.0.14 сертифицирленген бағдарламасы қолданылады. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тексерілуге жолдаманы арнайы бланкта емдеуші дәрігер жазады, оны өз аймағыңыздағы «ОЛИМП» КДЗ медициналық өкілінен алуға болады.