Кері қайту

Вассерман реакциясы

Вассерман реакциясы – мерез ауруын анықтаудың экспресс-әдісі. Өзінің атауы әдісті ойлап тапқан автор - неміс иммунологы Август Вассерманның құрметіне аталған. Талдаудың ерекшелігі – оны орындаудың қарапайымдылығында. Әдістеме жасау бұқа жүрегінен алынған кардиолипинге науқастың қанын қосудан құралады. Егер науқас мерезбен ауырған болса, онда кардиолипинге арнайы реакция байқалады, өйткені зерттелушінің қанында бозғылт трепонема қоздырғышына антиденелер (иммунитет инфекциямен күреседі) өндіріледі. 

Ағзаға түскен бөгде нәруыз – антигенге қарсы жауап ретінде антиденелер өндіріліп шығады. Антигендердің тек өзіне тән нақты микроағзасына ғана арнайылығы болады және көптеген ағзаларда кездесетіндерге арнайылығы болмайды. Мұндай арнайы емес антигендерге бозғылт трепонемада және бұқа жүрегінде кездесетін кардиолипин жатады.

Вассерман реакциясының басты кемшілігі – антигені арнайы емес, өйткені табиғатта кардиолипин жиі кездесетіндіктен жалған оң нәтиже жиілігі біршама жоғары. Бұған айқын мысал ретінде кардиолипинге антидене қанда айналып жүрумен сипатталатын ауру - антифосфолипидтік синдром тиесілі. Осылайша науқастың қаны оған бұқа жүрегінің кардиолипині түскен кезде әсер етеді. Мерезді диагностикалау тұрғысынан неғұрлым сенімді талдау  Treponema Pallidum жиынтық антиденелерді анықтау  болып табылады.

Сондай-ақ, МЕРЕЗДІҢ ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ оқыңыз.