Эстрогендерге (ER) және прогестеронға (PR) рецепторлар (иммуногистохимиялық зерттеу)
Эстроген (ER) және прогестерон (PR) рецепторларын иммуногистохимиялық (ИГХ) зерттеу - ісік жасушаларындағы гормондық рецепторлардың экспрессиясын анықтау әдісі.
ER және PR рецепторларының болуы ісіктің гормонға тәуелді екенін көрсетеді, бұл әсіресе сүт безі обыры кезінде аурудың болжамын бағалау және гормондық терапияны таңдау үшін маңызды.