Соматотропты гормон (Cоматотропин, СТГ,Өсу гормоны , Growth hormone, GH)
Соматотропты гормон (СТГ) «денені нәрлендіру» – нәруыз синтезін, жасушалардың бөліну үрдісін ынталандыратын, сондай-ақ май ұлпасының ыдырауын күшейтетін гормон.
Яғни, гормонның басты қызметі ағзаның өсуін ынталандыру болып табылады. СТГ инсулинмен тығыз байланысы бар, жасуша ішіне маңызды құрылымдық молекулалар – амин қышқылдарының түсуіне ықпал жасайды. Соматотропты гормонның негізгі биологиялық әсері инсулин тәрізді өсу факторы – 1 көмегімен іске асырылады. ИФР-1 гормонның мөлшеріне де әсер етеді, ИФР-1 жоғарлауы соматропты гормонның концентрациясын төмендетеді және керісінше.
Қанға СТГ түсуі біркелкі жүрмейді. Тәулігіне гипофиздің алдыңғы бөлігінен қанға 5-9 дейін гормонның шығарылуы жүреді. Негізгі шығарылукезеңі – адамың ұйықтаған уақыты, атап айтқанда адам түсінде түс көрген кездегі ұйқының жылдам фазасы. Сондықтан «адам түсінде өседі» деген пікір таза шындық.
Қандағы гормон деңгейінің ең басты реттеушісі – гипоталамустың рилизинг факторы – гормонның өндірісін сәйкесінше ынталандыратын және басатын соматостатин және соматолибирин.
Талдауды тағайындаудың негізгі мақсаты баяу өсуді (ергежейлік) немесе қарқынды өсуді (алыптық/гигантизм, акромегалия) сипаттайтын жағдайларды диагностикалау болып табылады.