CTD Screen (ANA screen)
Антиядролық немесе антинуклеарлық антиденелер (ANA screen) – олар аутоантиденелердің арнайы тобы, олар белгілі бір жағдайларда жасуша ядросының негізгі компоненттерінің құрамдас бөлігі болып табылатын нәруыз молекулаларына өндіріле бастайды.
Басқа сөзбен айтқанда, ағзаның өз компоненттері қарсыластық танытқан кезде иммундық жүйенің шалыс жұмыс істеуі жүреді. Әртүрлі аутоиммундық аурулар кезінде (жүйелі қызыл ноқта, ревматоидты артрит және т.б.) қан айналымда жүрген иммундық кешендерімен ағзаның меншікті жасушаларының зақымдануы жүреді. Оған қоса жасушалардың ядролық құрылымдары бұзылады, бұл жасуша ядросының ішіндегі құрылымдарда қосымша аутоантиденелердің өндірілуіне әкеледі. Нәтижесінде антиядролық антиденелер түзілуі жүреді, бұл жасушаның генетикалық материалының зақымдануына, сондай-ақ оның өліміне әкеп соғады.
Антиядролық антиденеге сынақ жоғары сезімтал болып саналады, бірақ арнайылығы төмен болады. Оларды қан арнасында анықтаған жағдайда дерлік жүз пайыз жағдайларда аутоиммундық үрдіс туралы куәландырады. Сынақтың төмен арнайылығы диагност үшін оның нақты емделушіде қандай аутоиммундық ауру дамығанын айта алмайды, есесіне емделушіде аутоиммундық үрдістің бар екенін анықтау фактісі оған диагнозды түпкілікті белгілеу үшін қосымша зерттеу әдістерін жүргізуге мүмкіндік береді.