Адамнын вирус папилломысы 16-18 (сапалы)
Адам папилломасының вирусы (АПВ) - тек эктодермальды эпителий жасушаларына - тері, жыныс мүшелерінің және ауыз қуысының шырышты қабатына әсер ететін вирус. Вирустардың ішіндегі пішіні бойынша ең кішкентайлығына қарамастан және құрылымы қарапайым қоздырғыш өміршең келген.
АПВ тән негізгі ерекшелігі тері және шырышты қабаттардың эпителиалды жасушаларының бақылаусыз көбеюін ынталандыру қабілеті болып табылады. Нәтижесінде зақымданған аймақтарда АПВ тән өсу анықталады:
- өткірұшты кондилома (әйел адамдар мен ер адамдардың жыныс мүшелерінде);
- сыртқы жыныс мүшелерінің сүйелдері;
- қатынастық моллюск;
Алайда, АПВ себепкер болып табылатын ең қорқынышты ауру – әйелдер бөлігінде бұл жатыр мойыны мен қынаптың обыры және ер адамдарда жыныс мүшесі мен қуық асты безінің обыры дамиды.
Қазіргі уақытта папилломавирустардың 100 типінен артық анықталған, бірақ соның ішінде біразы ғана адамда қандай да бір ауруларды шақыруға қабілетті. Жатыр мойыны обырының биоматериалында өте жиі 16 және 18 типтегі АПВ анықталады, себебі олардың әрекетінен тері мен шырышты қабаттардың обырлық өзгерістерінің дамуымен байланысты.
Қатерлі ісіктердің дамуына ықпал жасайтын итермелеуші факторлар болады:
- жыныстық серіктестердің үнемі өзгеруі немесе бір уақытта бірнеше жыныстық серіктестердің болуы;
- жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың болуы;
- жалпы және жергіліті иммундық реакциялардың төмендеуі;
- несеп-жыныстық жүйе мүшелерінің жиі қабыну аурулары;
- жыныстық қатынастық ерте басталуы;
- темекі шегу және алкоголизм исяқты зиянды әдеттердің болуы;
- анамнезінде түсік жасату және өздігінен болған түсіктер;
- қосалқы ауыр патологиялардың болуы (қант диабеті және т.б.).
Вирус әсіресе жыныстық жолмен беріледі, бірақ зақымдалған тері арықыл қатынастық жолмен жұғуы мүмкін, мысалы шаштаразға барған кезде. Егер оның терісінде және шырышты қабаттарында жоғарыда аталған өсінділер болса ғана адам инфекция тұрғысынан қауіпті.Адам папилломасының вирусын тізбекті полимеразалық реакция (ПТР) әдісімен анықтау жоғары сезімталдық пен арнайылығы жоғары болуымен (98%) ерекшеленеді. ПТР қағидасы зерттелетін генетикалық материалды шыны түтікте бірнеше рет екі еселенгеннен кейін осы вирусқа тән бірегей ДНҚ қалдығын сәйкестендіруден тұрады.
Әйел адамдарда жатыр мойынында АПВ ұзақ уақыт бойы болса, обырдың даму қаупі вирус анықталмағандармен салыстырғанда 65 рет жоғары. Егер науқас 30 жастан жоғары жіне АПВ 16 немесе 18 типін жұқтырған болса қауіп айтарлықтай артады (160 рет).
Вирустың саны шырышты қабаттың жалпы және жергілікті жағдайына байланысты. АПВ саны неғұрлым көп болса, соғұрлым аурудың асқынулары даму ықтималдығы жоғары. Әдістемеге сәйкес егер олардың саны 1 мл-де 0,3 көшірмеден көп болса зертханалық анализатор АПВ ДНҚ көшірмесін ұстап алады. 1 мл 0,3 көшірмеден аз болса клиникалық маңызы болмайды!
«ОЛИМП» КДЗ желісінде ПТР-зерттеулер REAL-TIME тәртіптемесінде орындалады, бұл әрбір аппараттық айналымнан (амлификация) кейін биоматериалда ДНҚ санын өлшеуді білдіреді. Бұл процедура жалған оң нәтиженің ықтималдығын нөлге дейін төмендетеді! Алайда, материалда анықталған АПВ науқаста қатерлі ісік ауруы туралы әлі айтпайды, бірақ түпкілікті гистологиялық тексеруді қажет ететінін есте ұстаған жөн.
Сапалық зерттеу түрі – бұл талдау нәтижесі «оң» немесе «теріс», яғни биоматериалда вирустың ДНҚ қалдығы анықталғанын немесе анықталмағанын білдіреді. Зақымдану (жұқтыру) дәрежесінің деңгейін нақтылау үшін сандық талдау жүргізу қажет.
Зерттелетін материал несеп жолынан немесе қынаптан алынған жағынды болып табылады.
Демек талдау нәтижесі биоматериал алынған жерде қоздырғыштың бар екендігі немесе жоқ екендігі туралы көрсетеді
Сондай-ақ оқыңыз: "ПАПИЛЛОМАВИРУС: ҚАУІПТІ ЖӘНЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС!"