Әлеуметтік жауапкершілік
ОЛИМП КДЗ, Қазақстандағы ең ірі клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі
бола тұра, қоғам, қызметкерлер және мемлекет алдындағы өз міндеттемелерін жақсы
түсінеді.
Біз әлеуметтік жауапкершілік дәстүрлерін ұстана отырып және қайырымдылық және
демеушілік жобаларды іске асыра отырып, Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласын дамытуға өз үлесімізді қосуға және қоғам өмірін жақсы жаққа өзгертуге
ұмтыламыз.
ҰОС ардагерлеріне арналған тегін талдаулар
Аға ұрпаққа қамқорлық жасай отырып, біз Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері
үшін тегін талдауларды тапсыруға мүмкіндік береміз.
Жасы мен мүгедектігі бойынша зейнеткерлерге, мүгедек балаларға және көп балалы
аналарға 10% жеңілдікпен зертханалық тексеруден өтуге мүмкіндік беретін қосымша
жеңілдік беріледі.
Балаларды тегін тексеру
- 2022 жылы ОЛИМП КДЗ бастамасы бойынша бүкіл Қазақстан бойынша тандемдікмасс-спектрометрия (ТМС) әдісімен алмасудың тұқым қуалайтын ауруларына (40-танастам ауру) балалардың ауқымды скринингі жүргізілді. 0 және 18 жас аралығындағы барлығы 754 бала тегін негізде тексерілді. Бұл метаболизмнің ауыр бұзылуларымен ондаған нәрестелерді анықтауға мүмкіндік берді, бұл жағдайлар тиісті диагностикалаусыз өліммен аяқталуы мүмкін еді.
- 2023 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін генетикалық муковисцидоз ауруы бойынша зерттеулер жүргізіледі. Осы кезеңде ОЛИМП КДЗ-да 20 373 бала тексеруден өтті. Бұл мүмкіндік тегін негізде неонаталдық скрининг аясында ұсынылды. Зерттеу нәтижелері бойынша 50 жағдай осы патологияны ерте диагностикалаудың негізгі маркері болып табылатын иммунореактивті трипсинді (IRT) анықтауға арналған анықтамалық аралықтардан асып түсті.
- Сонымен қатар, осы уақыт ішінде 20 373 балаға галактоземияға тегін зерттеу жүргізілді. Бастапқыда қандағы галактозаның жоғары деңгейімен 188 жағдай анықталды. Тиісті диета ұстаған жағдайда, мұндай балалар сау болып өседі және дамиды.
- 2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы маусымға дейін ОЛИМП КДЗ коронавирустық жұқпаның таралуына қарсы күрес шеңберінде реанимациялық емделушілер үшін прокальцитонинге тегін негізде 53 627 талдау жасады. Бұл талдау аурудың асқынуы жағдайында бактериялық жұқпаны тануға және тиісті терапияны тағайындау қажеттілігін анық білуге мүмкіндік береді. Осылайша, осы талдаудың арқасында реанимациядағы көптеген емделушілер сепсис қаупінен аман қалып, өмірін сақтап қалды.
Паралимпиадалық қозғалысты қолдау
COVID-19 пандемиясы кезеңінде (2020-2021жж.) ОЛИМП КДЗ халықаралық турнирлерге
және оқу-жаттығу жиындарына барар алдында паралимпиадалық спорт түрлері
бойынша ҚР Ұлттық құрамасының мүшелері мен Ұлттық паралимпиада комитетінің
қызметкерлеріне тегін ПТР-тестілеуді ұсынды. Барлығы мыңға жуық зерттеу жүргізілді.
Осы және басқа да көптеген бастамалардың арқасында ОЛИМП КДЗ әлеуметтік
жауапкершілік қағидаттарына бейілділігін растауды жалғастыруда. Жоғары сапалы
диагностикаға қол жеткізу арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру
сапасын жақсартуға деген ұмтылысымыз дені сау және бақытты қоғам қалыптастыруға
ықпал ететініне нық сенеміз. Болашақта біз қайырымдылық жобалары мен
бағдарламаларының ауқымын одан да көп адамға пайда әкелу және еліміздің денсаулық
сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосу үшін кеңейтуді көздеп