Кері қайту

Фадиатоп - аллергодиагностикадағы жаңа технологиялар

Жөтел, тұмау, тамақтың жыбырлауы, көздің қызаруы және қышуы, көз жасаурауы...бұл белгілер жұқпалы және аллергиялық сипатты көптеген ауруларға тән, ал оларды емдеу тәсілдері бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.  "Белгілердің себебін қысқа мерзімде және толықтай сенімділікпен қалай анықтауға болады?" деген сұрақ туындайды, бұл әсіресе, егер науқастар ауру белгілерінің пайда болу мән-жайын нақты түрде айта алмайтын жағдайларға қатысты.  Бұл мәселе жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық адамдар арасында өзекті. 

Мұндай науқастарды тексеру жоспары бірнеше кезеңнен тұрады. Ең алдымен, белгілердің шығу себебін дәл анықтау қажет, олардың аллергиямен қатысы бар ма, жоқ па.   Егер бұл аллергия болса, ағзада осындай реакция тудыратын нақты аллергенді анықтау үшін мұқият тексеру жүргізіледі.

Бұрын диагностиканың бастапқы кезеңі ретінде басқа талдауды қолданған: жалпы IgE, бұл да ағзаның сенсибилизациясын көрсетеді Бірақ көбінесе аллергологтар жалпы IgE-ң қалыпты деңгейін көреді, дегенмен аллергияға тән белгілер және арнайы аллергендерге сезімталдықты зерттеуде оң нәтижелер байқалады. 

"Бұл Аллергия ма, жоқ па?" деген сұраққа "Фадиатоп" жаңа бірегей зерттеуі көмектеседі. Бұл скринингтік тест аллергиялық және аллергиялық емес ауруларды арнайы дифференциалды диагностика үшін жасалған. Ол ең көп таралған аллергендерге (өсімдік тозаңы, үй кенесі, зең, жануар қайызғағы, тамақ өнімдері) қарсы иммуноглобулин E (IgE) класының арнайы антиденелерін бірден анықтайды. 

Талдаудың екі түрі бар: «Фадиатоп» және «балаларға арналған Фадиатоп (нәресте)».  Олардың айырмашылығы «балаларға арналған Фадиатоп» құрамында азық-түлік пен ингаляциялық, ал «ересек» түрінде - тек ингаляциялық аллергендер жиынтығы бар, өйткені тамақ аллергиясы балалар арасында жиі таралған, ересектерде – әлдеқайда сирек кездеседі.  

Осылайша, аллергендердің бұл комбинациясы аллергодиагностиканың бастапқы кезеңінде «ИӘ» немесе «ЖОҚ» деп жауап беруге мүмкіндік береді Егер «Фадиатоп» оң нәтиже берсе, онда ары қарай жағдайдың себебін іздеп, антиаллергиялық терапияны бастауға болады Және керісінше, егер «Фадиатоп» теріс болса, онда бұлай емдеуге күш пен қаражат жұмсаудың мәнісі жоқ Осылайша, балалық шақта 80%-дан астам жағдай пысылдап тыныс алу, жөтел, мұрынның бітелуі, мұрыннан бөлінітер сенсибилизация немесе ингаляциялық аллергендерге аллергия салдарынан пайда болады.  Терінің құрғақтығы және қышуы шамамен 50% баланың немесе нәрестені емізетін ананың тағамынан туындайды.  Балада аллергияны уақтылы емдеу "аллергия маршы" деп аталатын аурудың алдын алуға көмектеседі, бұл аурудың күшеюі есейген сайын терінің қарапайым аймақтарының қызаруынан бронхтық демікпесіне дейін баруы мүмкін.

Классикалық тері тесттерінен айырмашылығы «Фадиатоп» адам үшін мүлдем зиянсыз, өйткені науқастың қаны тексеріледі және аллергенмен тікелей байланыс болмайды. Науқастың антигистаминді қабылдауы және ағзаның жас ерекшеліктері талдау нәтижесіне әсер етпейді Зерттеуді маусымдық күшею кезеңінде де, осы кезеңнен тыс уақытта да тағайындауға болады Басқа әдістермен салыстырғанда «Фадиатоп» жоғары арнайылық пен сезімталдыққа ие.  Реагенттер ретінде табиғи, рекомбинантты ақуыздар қолданылады.

Зерттеу аллергодиагностикасының әлемдік көшбасшысы – Phadia (Швеция) компаниясының жоғары дәлдіктегі ImmunoCAP 250 жабдығы арқылы жүзеге асырылады. Еуропа зертханаларының 70%-дан астамы Phadia жүйесін пайдаланады, ол қазір Қазақстан тұрғындарына да қолжетімді.  Сонымен қатар, көптеген ғылыми аллергологиялық рандомизацияланған зерттеулер тек ImmunoCAP жүйесінде жүргізіледі. 

Назар аударыңыз! Сіз "ОЛИМП" КДЗ желісінің кез-келген емдеу бөлмесінде "Фадиатоп"-қа тексеріле аласыз.

Негізгі белгілер (Tag):

фадиатоп аллергия аллергодиагностика аллергендер