Коагулограмма және оның көрсеткіштері
Біздің әрқайсымыздің өмірімізде жарақат алып, артынан қан аққан немесе мұрыннан қан кеткен оқиғалар болды. Бірнеше минуттан кейін қанның неге тоқтап қалғанын ешқашан ойлаған емеспіз ... Сау ағзада қанның ұю механизмі сағат сияқты жұмыс істейді, бірақ бұл механизмді бұзатын көптеген аурулар бар. Ол қан тромбтарының пайда болу қаупіне немесе керісінше – кез-келген жарадан қан ұзақ уақыт тоқтамай ағуына әкеліп соғады. Екі жағдай да өлімге әкелуі мүмкін!
Бұл мақалада біз қан жүйесінің күйі туралы, оны "сұйылту" керек пе, әлде керісінше – "қоюландыру" керектігі туралы хабарлайтын зертханалық көрсеткіштерді қарастырамыз.
Қан кетуді қалай тоқтатады?
Ең алдымен, зақымдалған тамыр қабырғасы қысылып, тромбоциттерді (гемостазға жауапты қан жасушалары) өзіне тартатын заттарды бөледі. Әрі қарай, тромбоциттер зақымдалған тамырдың саңылауына "жасырынып", фибрин жіптерімен "өріледі". Содан кейін тромбоциттері бар "тор" қысылып, артерияның немесе көктамырдың жыртылу аймағын бітейді. Қабырға жазылғаннан кейін ұйыған қанды тромболитикалық ферменттер жояды.
Коагулограмма - қан ұйытю жүйесінің көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік беретін зертханалық талдау. Келесі көрсеткіштер коагулограмма ұғымына енеді:
Тромбоциттер - олардың саны қанның қаншалықты "қою" екенін көрсетеді.
ЖБТУ - бұл қанның ұюына кететін уақыт аралығы.
ХҚҚ. Бұл талдаудың практикалық қолданылуы қанды сұйылтатын препараттардың мөлшерін бақылау болып табылады. Яғни, препараттың тиісті дозасын таңдау үшін қажет.
Протромбин уақыты - ағза тіндері зақымданғаннан кейін пайда болатын белгілі бір қанды қоюлататын факторлар түскен кезде ұйыған қанның қалыптасатын уақыты.
Тромбин уақыты - оның алдындағы фибриногеннен фибриннің түзілу уақыттын көрсетеді
Фибриноген - бауырда түзілетін және қан ұюы кезінде ұйыған қанның негізі болып табылатын фибринге айналатын ақуыз. Кейіннен фибрин қан ұю үдерісін аяқтап, тромбты қалыптастырады.
ПТИ - бақылау ("қалыпты") плазманың қан ұю уақытының науқас плазмасының қан ұю уақытына қатынасы. Бұл индекс сыртқы қан ұю жолын жандандыратын үдерістерді көрсетеді.
Лупус антикоагулянты - иммунитет жұмысының бұзылуы нәтижесінде пайда болады. Ағза өзінің тамыр қабырғасына шабуыл жасай бастайды, бұл тромб түзілудің жоғарылауынан көрінеді.
Осылайша, коагулограмманы өткізуге көрсетімдер:
- жоғары / төмен қан қысымы;
- тіпті жеңіл жарақаттардан кейін де ұзақ қан кету;
- жүктілік немесе оны жоспарлау;
- гормоналды препараттарды, оның ішінде ауыз арқылы қолданатын контрацептивті қабылдау;
- ота алдындағы дайындық;
- бауыр аурулары;
- онкологиялық аурулар;
– тамырлардың кеңеюі, сондай-ақ, -геморрой;
- бұрын инсульт / инфаркт немесе жақын туыстарда болуы;
- аптасына бір немесе одан да көп рет алкоголь қолдану; темекі шегу;
- қан сұйылтатын дәрілерді қабылдауды бақылау;
- 50 жастан асқанда скринингілік әдіс ретінде;
Сіз "ОЛИМП"КДЗ желісінің көптеген емдеу бөлмелерінде коагулограммаға талдау жасай аласыз. Коагулограммаға талдау қабылданатын сізге ең жақын емдеу бөлмесінің мекенжайын байланыс бөлімінде нақтылауға болады.
Негізгі белгілер (Tag):
коагулорамма гемостаз қанның ұюы