Кері қайту

Анабез обырын анықтаудағы CA 125 ісік маркері

Анабез ісігін ерте анықтайтын ең сенімді маркерлердің бірі - CA 125 болып табылады. Осы ісік маркеріне профилактикалық мақсатта уақтылы жүргізілген қан талдауы аналық без обырын ерте анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, ісік маркері метастаздарды клиникалық көріністен алты ай бұрын анықтауға мүмкіндік беріп, осы ауруды емдеуде терапияның тиімділігін бағалауға көмектеседі. Са 125-тің тұрақты анықтауы эндометриозды емдегеннен кейін жылына 1-2 рет тұрақты түрде ұсынылады.

CA 125 қатерлі ісік маркерін профилактикалық зерттеу

Аз мөлшерде CA 125 ісік маркері жатырдың шырышты қабатында бар екенін білу маңызды, бірақ ол жалпы қан ағымына енбейді. Бұл ісік маркерінің қанда аз концентрацияда пайда болуы төмендегідей жағдайларда байқалуы мүмкін:

  • жүктілік кезінде;

  • етеккір кезінде;

  • эндометриоз кезінде;

  • созылмалы панкреатит кезінде;

  • перитонит, плеврит, сондай-ақ кейбір басқа ауруларда.

 

Аналық без қатерлі ісігінде CA 125 көрсеткіші 2 немесе одан да көп есе артады, ал қабыну барысында, жатыр миомасы, эндометриоз, етеккір кезінде тек бірнеше бірлікке жоғарылайды.

Есіңізде болсын, қатерлі ісік диагнозы тек ісік маркерлеріне сүйене отырып қойылмайды.  Сонымен қатар, қандағы ісік маркерлерін үнемі тексеру қатерлі ісікті алғашқы кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, ол кезде ісіктерді сәтті емдеу мүмкіндігі өте жоғары.

Негізгі белгілер (Tag):

CA 125 анабез қатерлі ісігі ісік маркерлері