Онкомаркерлер: сүт безі қатерлі ісігін жеңуге болады!
Сүт безінің қатерлі ісігі - Еуропа, Америка мен Азияның кейбір елдерінде әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі ісік түрі. Жыл сайын әлемде бұл аурудың бір миллионнан астам жағдайлары тіркеледі, ал Қазақстанда 3 мыңға жуық жағдайлары тіркеледі және әр жылы олардың саны 2-3% өседі.
Сүт безі қатерлі ісігімен сырқаттану және одан болатын өлімді азайту мүмкіндігін онкологтар профилактикалық шаралардың кеңінен енгізілуі мен ерте диагностикамен байланыстырады. Қатерлі жаңа өскіндерді олардың дамуының бастапқы кезеңдерінде анықтау 90% науқасты сәтті емдеуге мүмкіндік береді.
Қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау мен оларды емдеуді бақылау үшін онкологияда ісік маркерлерін - ақуыздардан шығатын заттарды анықтаудың арнайы әдістері пайдаланылады, олардың қанда болуы қатерлі ісіктің бар екенін көрсетуі мүмкін. Басқаша айтқанда бұл сезімтал және спецификалылығы жоғары тестілер, сонымен бірге олардың тәжірибеге енгізілуі онкологтың жұмысының нәтижелілігін айтарлықтай арттыратыны дәлелденген.
СА 15-3 – сүт безі қатерлі ісігі кезінде көтерілетін, спецификалылығы жоғары онкомаркер. Оның қатерсіз аурулары (мастопатия және т.б.) кезінде CA 15-3 деңгейі қалыпты болып қалады және кішкене ғана артады. Өкпесінде қатерлі үдерістер жүріп жатқан науқастарда CA 15-3 мөлшері көтеріңкі болады.
Бір немесе басқа онкомаркердің көтеріңкі мөлшерін бір рет анықтау қатерлі ісік диагнозын қоюға негіздеме болмайтынын, пациентті мұқият тексеруден өткізуге себеп болатынын есте сақтаған жөн.