Кері қайту

Аутоиммунды гепатит туралы гепатологтар мен гастроэнтерологтарға арналған ескертпе!

АУТОАНТИДЕНЕЛЕР ТҮРЛЕРІ

МӘНДЕРІ

Антиядролық

1 типті аутоиммунды гепатит. Төменгі титрлерде спецификалылығы жоқ. Ядроның қызметтеріне әсер етуі мүмкін.

Тегіс бұлшықеттерге қарсы антиденелер

1 типті аутоиммунды гепатит. Вирустық инфекцияларға актинді емес компонентке қарсы антиденелер тән.

Антиактинді

1 типті аутоиммунды гепатитке жоғары спецификалылығы бар. Антиденелердің үстіңгі жағынан байланысуын жеңілдетуі мүмкін.

Анти-LKM-l

2 типті аутоиммунды гепатит. Р450 IID6 in vitro баяулатады. Жиірек C вирустық гепатиті болғанда анықталады.

1 типті антицитозольді (гепатоциттердің цитозоліне)

Анти-LKM-1-мен байланысты. C вирустық гепатиті болғанда жиі анықтала бермейді. Ауыр ағымда өтіп жатқан сырқаты бар жас пациенттерде анықталады (әдетте аурудың неғұрлым жеңіл өтуімен байланысты анти-LKM-1 сияқты емес).

Ерігіш бауыр антигеніне

3 типті аутоиммунды гепатит. Криптогендік созылмалы гепатит маркерлері. 1 типті аутоиммунды гепатит кезінде анықталуы мүмкін.

Бауырға/ ұйқы безіне

3 типті аутоиммунды гепатит. Криптогендік созылмалы гепатит маркерлері. 1 типті аутоиммунды гепатит кезінде анықталуы мүмкін.

Асиалогликопротеинді рецепторларға

Аутоиммунды маркерлер. Қабыну үдерісінің белсенділігін көрсетуі мүмкін.

Перинуклеарлы антинейтрофильді цитоплазматикалық антиденелер

Науқастардың көбінде болады. Титрлері жоғары. lgG1 изотипіне жатады. Қызметі белгісіз.

Толық ақпаратты байланыс орталығынан ала аласыздар: 59-79-59 (259-79-59 Алматы қ.).