Жүктілік кезінде фолий қышқылын мөлшерден тыс қабылдау ауру балалардың туылуына әкеледі
Фолий қышқылы (B9 витамині) жүктіліктің дамуына зор ықпал ететіні бәріне белгілі: түсік тастау, мерзімінен бұрын босану, босанғаннан кейінгі қан кету қаупін азайтады
Ол болашақ баланың өмірлік маңызды жүйелері мен мүшелерін қалыптастыру үдерісінің ажырамас қатысушысы. Сонымен қатар қауіптілігі жағынан жүктілік кезінде фолий қышқылын мөлшерден тыс қабылдау оның жетіспеушілігінен кем емес және ауру балалардың туылуына әкеледі, бұл туралы Солтүстік Каролина штаты Қоршаған Орта Гигиенасы Ұлттық Институты қызметкерлері хабарлайды (National Institute of Environmental Health Sciences, Research Triangle Park, North Carolina, USA). Аталған фактіні растайтын ғылыми зерттеу тезистері 2010 жылдың 26 ақпан-2 наурыз аралығында Жаңа Орлеанда өткен, Луизиана штаты, АҚШ Американдық аллергия, демікпе және иммунология академиясының Жыл сайынғы конференциясы материалдарында жарияланды (Annual Meeting of the American Academy of Allergy, Asthma and Immunology; News Orleans, Louisiana, USA: 26 February–2 March, 2010).
Норвегияда жүргізілген ғылыми ізденістер барысында 1962 ана мен олардың балалары туралы мәліметтер жиналды. Тағамдық қоспаларға витаминдер қосылмайтын ел болғандықтан Норвегия таңдалды және бұл жүктілік кезінде B9 витаминін көп мөлшерде қолдану проблемасын анықтауға керемет мүмкіндік туғызды. Ғылыми-зерттеу тобы әйелдердің жүктіліктің екінші триместріндегі қан талдауларын зерттеді. Демікпенің дамуына бейімділігі бар балаларды көбінесе жүктілік кезінде қан плазмасында жоғары деңгейде фолий қышқылы бар әйелдер дүниеге әкелгені анықталды. Фолий қышқылын тым көп қолданған аналардың сәбилері басқаларына қарағанда демікпеге бір жарым есе көп шалдыққан. Нәтижесінде үш жасқа келмеген балаларда демікпенің дамуы мен жүктілік кезіндегі олардың аналарының қан плазмаларындағы B9 витаминінің айтарлықтай мөлшері арасында тікелей байланыс бар екені анықталды. Сонымен бірге жүктілік кезінде фолий қоспаларын қолдану жаңа туған сәбилерде 18 айға дейін респираторлық аурулардың даму қаупін арттыратыны анықталды.