Зертханалық зерттеулердің талдау алдындағы кезеңі және оның талдау нәтижелеріне әсері.
Зертханалық зерттеулердің талдау алдындағы кезеңі деген не?
Бұл пациенттің сынамасына тікелей зертханалық талдау жасау алдында өтетін кезең және келесілерден тұрады:
-
Пациентті зерттеулердің орындалуына дайындау.
-
Биоматериалды алу (қан, несеп және т.б.).
-
Биоматериалды сақтау және зертханаға тасымалдау.
Әр түрлі көздерден алынған статистика мәліметтеріне сәйкес зертханалық зерттеулер нәтижелерінде болатын 70% дейін қателер талдау алдындағы кезеңде жұмыс ережелерін сақтамаудың салдарынан туындайды.
Зертханалардағы қолданылатын заманауи жабдықтар толығымен автоматтандырылған, бұл зерттеуді орындау үдерісіне адам факторының ықпал етуіне жол бермейді. Осыған байланысты зертханалық зерттеулердің талдау кезеңіне (зертханада биоматериалды тікелей зерттеу) зерттеулердегі қателердің кішкене бөлігі ғана тиесілі.
Зертханалық зерттеулерге тапсырыс беретін әр пациенттің мақсаты - зертханадан осы зерттеулердің дәл нәтижелерін алу және сәйкесінше дәрігердің дұрыс диагноз қоюы, демек зертханада зерттеулердің талдау алдындағы кезеңіне назар аударылуы тиіс.
Зертханаға барар алдында ондағы консультанттарға жүгініп, сізге қажет талдаулардың қандай дайындық талап ететінін нақтылап алыңыз. Консультанттардан алған ұсынымдарды мұқият орындаңыз және бұл кезеңде өтетін зерттеулердің сапасы тікелей сізге байланысты екенін ұмытпаңыз.
Материалды арнайы оқудан өткен емшара мейірбикесі барлық заманауи стандарттармен талап етілетін ережелер мен нормаларды сақтай отырып, алуы тиіс.
Зерттеуге алынатын биоматериал дұрыс таңбалануы және қысқа мерзім ішінде зертханаға жеткізілуі қажет, сонымен бірге сақтау мен тасымалдаудың барлық қажет ережелері сақталуы тиіс (температуралық режим, ылғалдылық және т.б. сияқты).
Зертхана таңдауда биоматериалды тасымалдау мерзімі өте маңызды критерий болып табылады.
Өйткені кейбір талдаулар өте құбылмалы болып келетіні белгілі және биоматериалда анықталатын көрсеткіштер тұрақтылығының мерзімдері көп емес. Мысалы, қан ұйыту жүйесін, кейбір электролиттерді (K, Na, Cl), сонымен қатар кейбір гормондарды зерттегенде биоматериал зертханаға жеткізілуі тиіс және оның зерттелуі талдау алынған сәттен бастап қысқа мерзімде орындалуы қажет, әйтпесе алынған нәтижелердің диагностикалық дәлдігі жоққа шығады.
Тек қана «ОЛИМП» КДЗ желісінде зертханалар республикалық маңызы бар қалаларда (Астана және Алматы), сонымен қатар әр облыс орталығында орналасқан және бұл емшара кабинетінен зертханаға биоматериалды қысқа мерзімде тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бере отырып, зерттеу нәтижелерінің максималды дәлдігін қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді. Бұдан басқа біздің зертханаларда мұқият оқудан өткен персоналдың, қан мен басқа да биоматериалды алудың заманауи бір реттік жүйелерінің, алынған жерінде сынамаларды штрих-кодтаудың, сонымен қатар халықаралық қабылданған стандарттар мен ұсынымдар негізінде талдауды алу бойынша барлық заманауи талаптарды орындаудың арқасында талдау алдындағы кезеңде қате жіберу ықтималдығы өте төмен.
Талдауға тапсырыс бермес бұрын 59-79-69 (Астана қ. мен өңірлер бойынша) немесе 259-79-69 (Алматы қ. бойынша) нөмірлері бойынша біздің байланыс орталығына хабарласып, сұрақтарыңыз бойынша консультация ала аласыз.
Сіз әр талдаудың алдында қалай дайындалу керектігі және де жақын маңдағы емшара кабинеттері мен олардың жұмыс тәртібі жөнінде мәлімет аласыз.
Сонымен қатар Сіз әрқашан біздің kdlolymp.kz сайтына кіріп «Қай жерде тапсыруға болады?» бөлімінен емшара кабинеттерінің жұмыс тәртібімен таныса аласыз.
Талдауға қалай дұрыс дайындалу керектігі жөнінде мына жерден оқи аласыз.