Кері қайту

Венерологиялық аурулар ер адамдар белсіздігінің (импотенция) себебі ретінде

Мерез, гонорея (соз), хламидиоз және тағы басқа жыныстық жолмен берілетін көптеген аурулар жұқпалы аурулармен сырқаттанудың жалпы құрылымында маңызды орын алады және үдеуге үрдісі бар.

Бұл аурулардың қаупі туралы көп айтылған, дегенмен олардың белсіздік (импотенция) сияқты салдары туралы жеке айтып кету қажет. Сонымен, уақтылы анықталмаған және емделмеген ЖЖБИ-дің адам ағзасы үшін арасында көптеген қабынба аурулары бар жағымсыз салдары болуы мүмкін екені бізге белгілі: цистит (қуықтың қабынып ауыруы), простатит (қуықасты безінің қабынуы), эпидидимит (аталық бездің қосалқы тінінің қабынуы), аднексит (жатыр түтіктері мен аналық бездер қосалқыларының қабынуы), орхит (аталық бездің қабынуы) және т.б. Бұған қоса ең кең тараған асқынуға простатит (қуықасты безінің қабынуы) жатады.

Простатит - бұл Сіздің ойыңызға тіпті келмеуі мүмкін қуықасты безінің қабынуы.

Мәселе бұл аурудың симптомдарының (іштің астыңғы жағында болатын ауырлық пен сыздап ауыру, несеп шығарумен байланысты проблемалар) олардың алғашқы пайда болған кезінен кейін тез арада із-түзсіз өтіп кетуі мүмкін болуында, алайда бұл аурудан сауығып кетуді білдірмейді, аурудың қауіпті болып табылатын және өзі туралы қайта-қайта еске салып тұратын созылмалы формаға өткенін білдіреді. Аурудың мұндай білінбейтін ағымы өте зұлым және белсіздікке әкелетін бірінші қадам болып табылады.

Статистика бойынша созылмалы простатитке шалдыққан әрбір үшінші еркектің уақытынан бұрын болатын эякуляция мен эрекция бұзылыстарымен байланысты проблемалары анықталады. Сонымен бірге простатит кезінде эректильді дисфункция бірнеше жыл ішінде күшейе түседі. Ең алдымен уақытынан бұрын болатын эякуляция пайда болады, кейін оған эрекциямен тікелей байланысты проблемалар қосылады, содан соң либидо - жыныстық құмартудың төмендеуі пайда болады. Соңында белсіздік дамуы мүмкін - эректильді дисфункция.

ЖЖБИ-дің қаупі туралы көп айтылса да, көптеген еркектер әлі күнге дейін аса қайғылы салдарға әкелетін бұл ауруларды елемейді және асқындырып жібереді.

Пациент, есіңде сақта! ЖЖБА дамуының кішкене қаупінің өзінде (мысалы, қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін), немесе минималды сезіктенулер болғанда медициналық көмекке жүгінген жөн. Өйткені аурудың диагнозы неғұрлым ерте қойылса, одан толығымен айығудың ықтималдығы жоғары болады және сәйкесінше көптеген асқынуларды, оның ішінде белсіздікті болдырмау мүмкіндігі де бірнеше рет артады.

«ОЛИМП» КДЗ-де арнайы еркектерге арналған несепті ПТР арқылы зерттеу енгізілгенін естеріңізге саламыз! Енді сізге несеп жолынан қырынды алудың қажеттілігі жоқ, өйткені еркектердің таңертеңгі несебінің бірінші бөлігі зерттеуге арналған биоматериал ретінде ЖЖБА диагностикасы үшін қажет барлық ақпараттан тұрады және өзінің диагностикалық сезімталдығы мен ерекшелігі бойынша несеп жолынан алынған қырындыны зерттеуден кем емес.

«ОЛИМП» дербес зертханалар желісі несептің ПТР-зерттеулерін диагностикада жоғары дәлдікке жетуге мүмкіндік беретін дәлдігі жоғары заманауи талдағыштарда орындайды.

Сіз бұрын өткен кезде құтылу мүмкін емес «жағымсыз сезімдерді» «жоқ қылуға» мүмкіндік беретін диагностиканың әмбебап, дәлдігі жоғары әдісі - несепті ПТР-зерттеуін өткізу үшін «ОЛИМП» КДЗ-нің Қазақстан аумағында бар 180 емшара кабинеттерінің кез келгеніне жүгіне аласыз.