Кері қайту
19 қазан 2022

20 қазан - Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні. Остеопороздың алдын алу

Остеопороз - бұл сүйек тіндерінің ауруы. Аурудың дамуымен сүйектер кальций жоғалтады, әлсіз, оңайлықпен сынғыш бола бастайды.

Остеопороздың пайда болуына не әсер етеді?

• Д витаминінің тапшылығы

• Егде жас

• Салмақтың төмен болуы ( 56кг аз)

• Гормоналдық бұзылыстар

• Ерте менопауза

• Кешеуілдеген менархе

• Аменореяның кезеңдері

• Бедеулік

• Темекі шегу

• Маскүнемдік

50 жастан асқан адамдарға олардың қауіп аймағында болуына байланысты міндетті түрде остеопороздың алдын алу қажет.

Әйелдерге тексерілу ерекше маңызды, өйткені соңғы мәліметтерге сәйкес әрбір екінші әйелдің остеопороздан сүйегін сындыру ықтималдығы бар.

Сіз қауіп аймағында болсаңыз, не істеу керек?

Біріншіден - бұл остеопорозды диагностикалау.

Тексеруден өтіп, төмендегідей талдауларды тапсыру қажет:

  • Beta-Cross Laps

  • Остеокальцин

  • Паратгормон

  • Жалпы кальций

  • Бейорганикалық фосфор

  • Иондалған кальций

Диагностиканың арқасында ауруды созылмалы күйге жеткізбей анықтауға болады.

Барлық талдаулар бүкіл Қазақстан бойынша ОЛИМП КДЗ зертханаларында қолжетімді.

Сонымен қатар сізге ыңғайлы болу үшін тиімді бағада толық диагностикаға қажет барлық талдаулардан тұратын «Остеопороз профилі» бар.

Толығырақ:

(2) 59-79-69 (бүкіл Қазақстан бойынша)

36-30-05 (Семей қ. бойынша)

Telegram-бот: @KDLOLYMPKZ_BOT

ОЛИМП КДЗ ресми Telegram-каналы

Біздің TikTok-тағы аккаунтымызға жазылыңыздар

Біздің Instagram-дағы аккаунтымызға жазылыңыздар

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз