Қазақстанда BRCA-ассоцияланған сүт безі қатерлі ісігін зерттеу Scientific Reports ғылыми журналында жарияланды.
Scientific Reports (Nature Portfolio) халықаралық ғылыми журналында Қазақстандағы BRCA-ассоцияланған сүт безі қатерлі ісігінің молекулалық ерекшеліктері мен болжамдық факторларына арналған “Molecular characteristics and prognostic insights into BRCA-associated breast cancer in Kazakhstan” мақаласы жарияланды.
Жарияланымға сілтеме
Ғылыми жарияланымды дайындауға ОЛИМП зертханасының мамандары - Сулейменов Е.М., Сибиряков П.А., Самигатова О.А. қатысты.
Nature Portfolio деңгейлі журналдағы жариялым жүргізілген зерттеудің ғылыми маңыздылығын және қазақстандық мамандардың онкологиялық аурулардың генетикалық факторларын зерттеуге қосқан үлесін растайды.
Зерттеу не туралы
Жұмыс BRCA1/BRCA2 гендерінің мутациясымен емделушілерде сүт безі ісіктерінің молекулалық сипаттамаларын талдауға арналған.
Зерттеу жекелендірілген онкологиялық диагностика мен терапияны дамыту үшін маңызды болып табылатын Қазақстан популяциясындағы ауру ағымының ерекшеліктерін және болжам факторларын анықтауға мүмкіндік берді.
Алынған нәтижелер келесіге ықпал етуі мүмкін:
- емделушілерде тәуекелдің стратификациясын жақсартуға;
- бақылау және емдеу тәсілдерін оңтайландыруға;
- онкологияда генетикалық тестілеуді дамытуға.
Библиографиялық сілтеме
Samigatova, A., Altaeva, N., Suleimenov, Y. et al. Molecular characteristics and prognostic insights into BRCA-associated breast cancer in Kazakhstan. Sci Rep 16, 5652 (2026). https://doi.org/10.1038/s41598-026-36086-0
Лицензия
Мақала CC BY 4.0 ашық коммерциялық лицензиясы бойынша жарыққа шықты (https://creativecommons.org/licenses/by/4.0/)