Кері қайту
12 желтоқсан 2018

ОЛИМП КДЗ - Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа-2018»сыйлығының иегері

11 желтоқсанда ОЛИМП КДЗ командасы сапа саласындағы жетістіктері үшін Ұлттық награда - Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері атанды!

Сыйлықты «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы Тимур Кулибаевтың қолынан ОЛИМП КДЗ бас директоры Ерлан Сүлейменов алды.

Бұл марапат-біз ең жоғары деңгейде растаған ОЛИМП КДЗ қызметтерінің сапасының тағы бір дәлелі!

Біздің үлкен командамызға өндірістің барлық кезеңдеріндегі үлесі үшін, ең бастысы қазақстандықтарға жасаған таңдауы үшін алғыс айтамыз! Бұл біздің ортақ жеңісіміз!

«Алтын Сапа» сыйлығы кәсіпорындарға өнім немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін беріледі. Осы көрсеткіштердің барлығын қатысушылар Тәуелсіз конкурстық комиссия алдында растауы тиіс.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз