Кері қайту
3 ақпан 2020

Қазақстанда квантиферондық тест!

Қазақстанда алғаш рет ОЛИМП КДЗ базасында жасырын туберкулезді анықтауға квантиферондық тест (қан талдауы) енгізілді. Квантиферондық тестті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулез инфекциясын диагностикалаудың алтын стандарты ретінде ұсынды. Тері сынамаларынан (Манту, Диаскин) айырмашылығы талдаудың жоғары ерекшелігі мен сезімталдығы бар. Әлемнің 78 елінде бұл тест туберкулезді анықтау үшін скринингтік зерттеу ретінде пайдаланылады. Бұл әсіресе Манту жағымды реакциясы бар балалар үшін, сондай-ақ шетелге жұмысқа және оқуға баратындар үшін өзекті. Талдау Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізіледі.

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізбен хабарласыңыз