Жаңалық! «Демодекозды қол тәсілімен анықтау» талдауы
«ОЛИМП» КДЗ-да Demodex тұқымдасына жататын микроскопиялық кенелерді анықтауға арналған талдау тапсыру үшін қолжетімді екенін хабарлаймыз.
Демодекоз дегеніміз не?
Демодекозбен ауыру жиілігі бойынша тері аурулары арасында жетінші орында тұр. Demodex тұқымдасының кенелері тері жамылғысы микрофлорасының құрамына кіретініне қарамастан, олар безеу, розацея, себореялық дерматит, периоральды дерматит сияқты дерматоздар кезінде қабыну процесінің жітілігін қолдайды, сондай-ақ жеке ауруды – демодикозды да тудыруы мүмкін.
Бұл талдауды қашан тапсыру керек?
- Стандартты терапиямен емделмейтін безеу ауруы
- Беттегі қышу сезімі
- Т-аймақта папуло-пустулярлы түзілімдер
- Бөртпелермен қатар терінің қатты майлануы
- Беттің Т-аймағында қызару
- Терінің зең ауруларымен сараланған диагностикалау
- Қабақтың қызаруы мен қабынуы
- Кірпік пен қас түктерінің түсуі
- Кірпіктердің бір-біріне жабысуы, кірпіктердің өсу аймағында қыртыстың пайда болуы
Биоматериал: беттің Т-аймағындағы теріден, кірпіктерден, қастардан қырынды.
Дайындау мерзімі: 1-3 күн.
Дайындыққа қойылатын талаптар:
- Биоматериалды алуға дейін бір апта бұрын зеңге қарсы препараттарды, протозойға қарсы препараттарды және антибиотиктерді қолданбау.
- Биоматериалды алуға дейін бір күн бұрын бет терісі мен бас терісіне арналған кез келген сәндік және емдік косметиканы қолданбау.
- Зерттеуге дейін 24 сағат қалғанда бетті жумау немесе көз тамшыларын қолданбау (көздің ауыр ауруларын қоспағанда).
- Зарттеу қарсаңында талдау тапсыру күні бетті жумау (бет жууға арналған гельді қолданбау, тіпті сумен де жууға болмайды), әсіресе қабақтың демодикозына күдік болса, шашқа арналған сусабын қолданбау (өнім көзге түсуі мүмкін).
Алуды кешкі уақытта (18:00), шаш фолликулалары мен май бездері қуыстарының құрамымен жасау ұсынылады.