Альдостерон
Бүйрек үсті безі қыртысының шумақты аймағында түзілетін гормон, ол ағзада су-тұзды тепе-теңдікті ұстап тұрады. Гормон ренин-ангиотензин-альдостерондық жүйе (РААЖ) құрамына кіреді. РААЖ әсер ету принципі: адамда қандай да бір себеппен айналымдағы қан көлемі, артериалдық қан қысымы немесе қан тамырларда натрий концентрациясы (ағзада суды ұстап қалу үшін қажет) төмендейді, бұл қан кетулерден немесе көп мқлшерде сұйықтық пен микроэлементтер жоғалатын бүйрек аурулары болуы мүмкін. Бүйрек су-тұзды тепе-теңдіктің осындай өзгерістерін байқап, ренин гормонын өндіреді. Ренин бұрын белсенсіз күйде болған ангиотензинді белсендіреді. Ангиотензин тамырларды тарылтады (артериалдық қан қысымын көтеру үшін) және альдестерон өндіруге бүйрек үсті безін ынталандырады.
Альдестерон әсерімен бүйрек натрий мен хлордың (калийдің орнына) шығарылуын тоқтатады. Натрий айналымдағы қанның көлемін ұлғайту үшін суды ұстап тұрады. Ағзада калий деңгейі де альдестерон өндірілуіне әсер етеді: калий мөлшерінің жоғарлауы (гиперкалиемия) альдестерон синтезін арттырады, калийдің төмендеуі (гипокалиемия) альдестерон синтезін азайтады.
Альдестеронның шамадан тыс жоғарлауымен (гиперальдостеронизм) жүретін бірқатар аурулар бар. Ондай аурулар келес түрде байқалады:
Клиникалық:
- Қан қысымының жоғарлауы;
- Бұлшықеттің әлсіздігі және тез шаршағыштық, терінің «түршігу» сезімі;
- Құрысулар;
- Ісінулер;
- Жүрек ырғағының бұзылысы (аритмия);
Зертханалық:
- Альдостерон концентрациясының жоғарлауы;
- Қанда натрийдің артуы;
- Қанда калийдің азаюы, зәрде көбеюі;
- Қанның сілтіленуі (метаболикалық алкалоз).
Гиперальдостеронизмнің үш типі бар: біріншілік, екіншілік және псевдогиперальдостеронизм.
Біріншілік жағдайда аурудың түпкі себебі альдостеронның автономды, тәуелсіз өте көп өндірілуі (гиперпродукциясы) болып табылады. Бүйректе ісік түзіліп, ол осы гормонды көп мөлшерде шығаратын Конн ауруы мысал бола алады.
Егер қанда альдестерон жоғары және ренин төмен болса, онда «Конн ауруы» диагнозы дәлелденген деп санауға болады.
Екіншілік гиперальдостеронизм – бұл РААЖ жұмысыны бұзылысы салдарынан болады (жоғарыда қараңыз). Патология тікелей альдестерон концентрациясын артыратын рениннің шамадан тыс өндірілуіне байланысты. Себебі Вильямс ісігі (юкстагломерулярлы аппарат) немесе РААЖ белсенуіне әкелетін бүйрек артерияларының стенозы (тарылуы) болуы мүмкін.
Псевдогиперальдостеронизм – альдестерон деңгейінің жоғарлауы оларға рецепторлардың ақау себебінен пайда болады. Гормонның әдеттегі деңгейі өзінің қызметін атқаруға қабілетсіз болып қалады, соның салдарынан оның өндірілуі артады.