Кері қайту

Папаниколау (ПАП-тест) бойынша бояумен жатыр мойнынан алынған жағындыны сұйық цитология аппаратында цитологиялық зерттеу

Сұйықтықтық онкоцитология (ПАП-сынақ) – цервикальды өзек пен жатыр мойнының ісік алды және ісік үрдісінің қауіптілік ықтималдығын анықтау үшін әйел адамдарды скринингілік тексеру әдісі. Сынақ ескішілікдікке негізделген Папаниколау бойынша жағындыға айтарлықтай бірқатар артықшылығы болғандықтан ауыстырылды. Жатыр мойнының обыры ауруын алдын алу мақсатында әйел адамдарды жыл сайын скринингілік тексеруден өткізуге арналған. «European Guidelines for Quality Assurance in Cervical Cancer Screening» (2010 жыл) деректері бойынша ПАП-сынақ жүйелі скрининг бағдарламасымен қоса жүргізіліп жатыр мойнының обырынан өлімді 80% дейін төмендетеді!

ТМД аумағында жатыр мойнынан алынған қырындыны ескі микроскопиялық әдіспен жүргізу кең таралған, сұйықтықтық онкоцитологиямен салыстырғанда бірқатар кемшіліктері бар. Бұл екі зерттеу әдісінің нәтижесі микроскоптан жатыр мойнының қырындысын зерттеуге негізделген. 

ПАП-сынақтың артықшылығы биоматериалды зерттеуге дайындау технологиясында болып тұр: Ескішіл әдістен айырмашылығы, биоматериал шынының бойына «жағылмайды», ол арнайы сұйық ортаға орналастырылады. Әрі қарай, сұйықтықты центрифугалау және жасушаларды бір-бірінен бөлу, сонымен қатар құрамындағы басқаларын алып тастау (шырыш) үрдісі жүреді. Алынған жасушалық материал төсеніш шынының үстіне тегіс қабатпен жағылады, одан кейін оны микроскоптан қарауды жүзеге асырады. Негізгі маңыздысы соңғы үшінші тармақ, өйткені осы максимальды тура нәтижені қамтамасыз етеді: тікелей төсеніш шынының үстіне қырындыны жаққанда 80% дейін жасушалар жоғалады (*Hutchinson ML et al., Homogeneous sampling accounts for the increased diagnostic accuracy using the ThinPrep® Processor, Am J Clin Pathol).

«ОЛИМП» КДЗ зерттеу EASYPREP® автоматтық жүйеде орындалады, бұл микроскопияға арналған препаратты жасау үрдісіне байланысты қателіктердің ықтималдығын жояды. Аппарат өздігінен материалды әзірлейді, содан кейін зерттеу нәтижесін цитолог-дәрігер бағалайды. Құрал мониторға жағындының дәлдігі жоғары бейнесін алуға мүмкіндік береді.

Күнделікті әдіс Сұйықтықтық онкоцитология
Микроскоп үшін биоматериалды қолдан жасалады (адами фактор) Биоматериал автоматтық түрде жасалады (адами фактор болмайды)
80% жуық жасуша* зерттеу сатысына жетпейді Іс жүзінде зерттеуге биоматериал 100% қол жетімді
Жасушалардың жабысу және қатпарлануы болады Жасушалар біркелкі үлестірілген
Материал жасудан тыс биологиялық элементтермен ластанған (шырыш) Қажетсіз биоматериалдар минимум
Жалған теріс нәтиже ықтималдығы жоғары Жалған теріс нәтиже ықтималдығы минимальды
Адам папилломасы вирусымен зақымдалған жасушаларды анықтау ықтимал (АПВ/ВПЧ) Адам папилломасы вирусымен зақымдалған жасушаларды анықтау ықтимал (АПВ/ВПЧ)

Назар аударыңыз! Жағындыны келесі жағдайларда тапсыруға рұқсат етілмейді:

  • Жыныстық қатынастан кейін 48 сағат бұрын
  • Етеккір уақытында
  • Басқа генитальдық инфекциялардан емделу кезеңінде
  • Лубриканттарды, сірке немесе Люголь ерітіндісін, тығын/тампон немесе спермицидтер қолданғаннан кейін 48 сағат бұрын
  • Қынаптық зерттеуден немесе бүркіп жуудан кейін

1-сурет. Күнделікті әдіс
2-сурет. Сұйықтықтық онкоцитология