Қан плазмасындағы фибриногенді талдағышта анықтау
Фибриноген – қан кетуді тоқтату үшін қажет қан сарысуының нәруызы, жедел фазаның нәруызы болып табылады. Бауырмен синтезделеді, қан ағымында белсенсіз күйде болады. Егер қан кетуді тоқтатудың механизмін қысқаша сипаттайтын болсақ, онда ол келесідей жүреді:
- Қан тамыр қабырғасы зақымданады да қан кету басталады.
- Ең алдымен қан тамырдың рефлекторлы спазмы жүреді.
- Әрі қарай ұю факторының заттары белсенеді, олар қан кету болған жерге тромбоциттерді "жұмылдырады".
- Зақымданған аймақ тромбоцит жасушаларымен бітелгеннен кейін, осы барлық масса тор тәрізді фибрин жіпшелерімен өріледі.
- Содан кейін тромбоциттер осы тромбты қысатын және тығыздайтын затты бөліп, зақымданған жер бітеледі.
- Қан кету тоқтайды, одан кейін қан тамыры қалпына келген соң диаметрі кіші артерия саңылауын бітеп, тромбтың үзіліп кетпеуі үшін (инсульт себебі) тромбты еріту керек.
Фибриноген қанда еріген күйде болады, тромбин мен XIIIa фактор әсерімен ерімеген күйге ауысады. Қанда фибриногенді анықтау плазмалық гемостаздың үшінші фазасын зерттеуге жатады. Талдауды тағайындаудың негізгі мақсаты – қанның ұю жүйесін меңгеру, сондай-ақ жүрек-қан тамырлар ауруларының қаупін бағалау үшін жүргізеледі.
Сондай-ақ оқыңыз: "Коагулограмма және оның көрсеткіштері"