IgG глиадині антиденелері
Глиадинге IgG класының антиденесі – бұл талдау целиакия ауруын диагностикалау үшін қажет. Глиадин – бұл дәнді өсімдіктердің құрамында болатын негізгі нәруыздық компоненттердің бірі. Өздігінен глиадин зиянсыз зат болып табылады, бірақ генетикалық бейімділігі бар адамдарда ол иммундық жүйені арандатуға қабілетті, осы «бөгде» нәруызды «жою» үшін арнайы (IgG, IgA) антиденелерді өндіре бастайды.
Ішек ұлпасында антидене мен глиадиннің жанасу кезінде қабыну реакциясы жүреді және ол целиакияның дамуына себепші болады. Глиадинге қарсы IgG антидененің жоғары деңгейі ағзаның жоғары қабылдағыштығы туралы куәландырады, бұл целиакия диагнозын қоюға салмақты дәйек болып табылады.
Алайда диагнозды тек осы көрсеткіш негізінде қою негізсіз болып табылады, өйткені IgG деңгейінің жоғарлауы басқа тағамдық аллергиялар мен ішектің бейспецификалық қабынуы кезінде де байқалуы мүмкін. IgA антиденесі целиакияны диагностикалау үшін аса арнайы талдау болып саналады, алайда, осы аурумен сырқаттанатын емделушілердің 3% жуығында селективтік IgA тапшылығы байқалады, бұл кезде қанда глиадинге IgA анықталмауы мүмкін. Бұл жағдайда IgG ақпаратты болады.
Целиакия (синоним: глютендік энтеропатия, ішектік инфантилизм) – глютен нәруызымен аш ішектің бүрлерін зақымдау негізінде жатқан ас қорытудың бұзылысы. Глютен немесе желімше (клейковина) – бұл бидай, қарабидай, сұлы(?), арпа сияқты дәнді-дақыл өсімдіктердің дәндерінде болатын нәруыздар тобын біріктіруші ұғым. Бұл нәруыздарға бірінші кезекте глиадин жатады. Негізгі себебіне – ағзаның осы нәруызға нормадан ауытқыған жауабы болып табылады. Бұрын целиакия еуропоидты нәсілдерге ғана тән, аса сирек кездесетін ауру деп саналған. Алайда, серологиялық диагностикалау әдісі пайда болғаннан кейін целиакия Еуропада аса кең таралған асқазан-ішек жолдарының ауру екенін мойындады. Көптеген эипдемиологиялық зерттеулерде 1:80 нен 1:300 дейін аурушаңдық өте жоғары, Азия аймақтары бойынша деректер жоқ, бірақ гастроэнтерологтар өңірде осыған ұқсас эпидемиологиялық жағдай қалыптасқан деп санайды. Ауру бала жасында және ересек жаста анықталады, 2 есе жиі әйел адамдарда кездеседі. Тек 30-40% жағдайларда ғана аурудың клиникалық белгілері классикалық түрде өтеді. Целиакия, әдетте балаға ұнды қосымша тамақтандыруды бастағанда 6-12 айлығында біліне бастайды. Нәжісі жиі, көп мөлшерде, майлы көпіршікті, өткір жағымсыз иісті және сұрғылт реңді болады. Нәжістің микробиологиялық зерттеуде патогенді ішек флорасы анықталмайды. Антибиотиктермен және ферменттермен стандартты ем нәтижесіз болады. Бала салмақ жоғалта бастайды, селқос, енжар, бозарған болады. Дистрофия үдеген сайын балаларда осы ауруға тән келбет пайда болады: айқын түрде арықтау, көз жанары «өлімсіреген», ауыз қуысының шырышты қабатының түсі ашық түсті, ішінің көлемі ұлғайған, аяқтарында ісік пайда болуы мүмкін. Тонусы төмендеген ішекте сұйықтықтың жиналуы (псевдоасцит) анықталады. Сәбидің дамуы кешігеді. Жоғары жаста симптомдар аз көрінеді: созылмалы шаршағыштық, күйгелектік, кариес, терінің құрғау мен анемия байқалады. Кейбір емделушілерде құрамында глютені бар тағамдарды пайдаланғаннан кейін, тіпті бұл нәруыздың кішкентай ғана мөлшері түскен болса іштің ауырсынуы және іштің қатуы туындайды. Осыған байланысты глютен ішектің қабынуын туғызуға қабілетті, оның негізі қызметі – қоректік заттарды сіңіруі бұзылады, бұл ағзаға микроэлементтер мен дәрумендердің сіңірілуін төмендетіп, гиповитаминоздар, электролиттердің дисбалансы, анемия, остеопороз, гипотиреоз пайда болады. Целиакияның терілік көрінісі – герпестәрізді Дюринг дерматитіне ерекше назар аударылады. Екі түрлі көрінетін аурулар бір-бірімен байланысты, целиакия кезінде глииадинге қарсы А иммуноглобулины өндіріледі, олар тері қан тамырларына шөгіп, жергілікті қабынуды шақырады. Дюринг дерматиті шамалы температураның көтерілуімен, әлсіздік пен терінің қышынуынан басталады. Одан кейін көпіршік түрінде бөртпелер пайда болады, олар көп мөлшерде аяқ-қолдың бүккіш беткейлерінде болады, ешқашан алақан мен табанда болмайды. 3-4 күннен кейін көпіршіктер жарылып, олардың орнында ашық қызыл түсті эрозиялар (жаралар) түзіледі. Ауру жиі майлы, сұрғылт реңді нәжіспен жүреді.