Талдаулар тізіміне

Жатыр мойны обырын иммуногистохимиялық скринингтеу (p16INK4a + Ki-67)

p16INK4a және Ki-67 қос маркерлік бояуын қолданатын иммуногистохимиялық зерттеу жатыр мойнының обыр алды өзгерістері мен обырын ерте диагностикалау үшін қолданылады.

Әдіс онкогендік типтегі ВПЧ-мен байланысты трансформацияға тән жасушалық циклдің реттелуінің бұзылуы бар жасушаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістің мәні:

  • p16INK4a - онкогендік ВПЧ әсерінен жасушалық циклдің бөгелуін көрсететін маркер;
  • Ki-67 - жасушалардың пролиферативтік белсенділігінің маркері.

Бұл маркерлердің бір жасушада бір мезгілде экспрессиялануы неопластикалық трансформацияның белгісі болып табылады.

Зерттеу нені анықтайды ?

  • жоғары дәрежелі дисплазияларды (HSIL) және эпителийдің обыр алды өзгерістерін;
  • жатыр мойны обырының ерте сатыларын;
  • қатерлілену қаупі жоғары жасушаларды.